Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңір іргелі істермен өркендейді - АРҚА АЖАРЫ

Өңір іргелі істермен өркендейді

Облыс әкімі Көкшетау қаласы мен Зеренді ауданының өнеркәсіп және өңдеу кәсіп-орындарында болып, өндірістің әлеуетімен танысты.

Өңір басшысы алдымен, облыс орталығындағы «Асыл-Арман» серіктестігінің цехтарын аралап көріп, жаңа қондырғылардың жұмысына назар аударды. Бұл жерде серіктестіктің бұрынғы «Новопэк» атауы «Асыл-Арман» болып өзгертілгенін атап өткен жөн. Кәсіпорын басшысы Айдар Жақыповтың баяндауынша, Батыс Еуропа мен Тайваннан әкелінген қазіргі заманғы қондырғылармен жабдықталған өндіріс орны айына 10 миллион дана қап пен 100 мың дана «Биг-Бэг» түріндегі контейнер жасап шығара алады. Бұл өніммен Қазақстанның ішкі рыногын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Жыл басынан бері 10 миллион 110 мың қап тігілген. Бұл өнімдердің 38 пайызы экспортқа шығарылыпты. Облыс әкімі кәсіпорын жұмысымен жан-жақты таныса келе, өндіріс қуатын арттырып, экспорт көкжиегін кеңейту жөнінде бірқатар міндеттер қойды.
Зеренді ауданының Садовый селосында орналасқан «Milk Project» серіктестігінің құрылтайшысы Виталий Маначинский өз сөзінде зауыт жылына 16,5 мың тонна сүт өнімдерін шығара алатынын атап өтті. Ол өнім өз облысымыз бен елімізге саудаға түседі және Ресейдің ірі қалаларына экспортталады. Соңғы жылдары Ресей, Израиль және Швециядан жаңа қондырғылар сатып алынған. Зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін аудан бойынша тәулігіне 15 тонна сүт сатып алатын 4 қабылдау орны ашылыпты. Кәсіпорында 82 адам жұмыс істейді. Облыс әкімі мұнда сүт зауытының толық қуатында жұмыс істеуіне, оған бөгет болып отырған мәселелерге назар аударды. Осы орайда, кәсіпорын басшыларының жүз бас сиырға арналған тауарлы сүт фермасын салуды көздеп отырғанына қолдау білдірді.
«Алтынтау Көкшетау» акционерлік қоғамының бас директоры Игорь Когай өз сөзінде екі мыңнан астам адам жұмыс істейтін кәсіпорында биылғы жылдың бірінші тоқсанында 3215,5 келі алтын өндірілгенін айтты. Бұл алтын «Казцинк» серіктестігіне сатылады. Облыс әкімі өңір бюджетіне едәуір қаржы құйып отырған осы іргелі кәсіпорынның жұмысымен жан-жақты танысып, келешек даму жолдарына назар аударды.

Рамазан Тілеуов.

Суретте: «Алтынтау Көкшетау» акционерлік қоғамында.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

 

 

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде өңірдің бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің орындалуының барысы, сондай-ақ,  қысқы жылу беру маусымының қорытындылары және жаңа маусымға дайындық мәселелері қаралды.

 

Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлгаждаров  өңірдің бүгінгі таңдағы даму деңгейіне жан-жақты тоқталып өтті. Бірінші тоқсан тәуір көрсеткіштермен ерекшеленеді. Мал басы өсіп, өнім көбейген. Техника көктемгі егіске толық дайын. Жағармай кесте бойынша түсіп жатыр.  Тау-кен өндірісі ілгері басуда. Салық өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 33 пайызға көп түскен. 1900 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Бұл әрине, бәрі жақсы деген сөз емес, кемшіліктер де бар. Кей аудандар төмен көрсеткіштермен облысты кейін тартқан.
Қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтеновтың баяндамасында бірінші тоқсанда облыс бюджетінің 1,4 миллиард теңгеге артық орындалғандығы айтылды. Бюджеттің шығыс бөлігіне келсек, 236 миллион теңге қаржы игерілмеген. Бұл мәселе мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың уақытында, дұрыс жария-лануына көп байланысты. Осы уақытқа дейін 489 ашық конкурс өткізілуі керек болса, жарияланғаны 460. Осы бірінші және екінші мәселелер бо-йынша жарыссөзде Егіндікөл ауданының әкімі Нариман Төлепов, Ерейментау ауданының әкімі Ермек Нұғыманов, Целиноград ауданының әкімі Мәлгаждар Тәткеев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Амангелді Смайылов сөз сөйлеп, өз өңірлерінде және салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Биыл облыста қысқы жылу беру маусымы тұтастай алғанда жаман өтпегені белгілі. Осыны облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченконың баяндамасы да растай түсті.  Көкейге қонбайтыны, берілген жылу үшін алашақ қарыздың көп жиналып қалуы. Ол бүгінгі күнге дейін 2,8 миллиард теңгені құрайды. Бұрыннан келе жатқаны 1,4 миллиард теңге. Бұдан жылу берушілер қарыздарын жинамай ма деген орынды сауал туады. Баяндамашы облыс бюджетінен жылуға 3,3 миллиард теңге қаржы бөлінгенін айтады. Ал, жылу ақысын дұрыс жинау арқылы бұл соманы азайтып, айырмашылықты басқа қажеттерге бағыттауға болар еді. Осы мәселе бойынша жарыссөзде Бурабай ауданының әкімі Төлеген Тәшмағамбетов, Атбасар ауданының әкімі Андрей Никишов, облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова сөз сөйледі.  
Әкімдік мәжілісінде облыс әкімі Мәлік
Мырзалин алда тұрған міндеттерге кеңінен тоқталып өтті. Соның ішінде Астананың айналасында азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасының орындалмағанын еске салды. Көзделген жұмыс нәтижелеріне қол жеткізілмеген. Сондықтан, тез арада арнайы бағдарлама жасап, істі дұрыс қолға алу міндеті жүктелді. Биыл облыста 58 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылуы керек. Үкімет жақсы қолдау көрсетіп отыр. Сол жағын халыққа түсіндіру қажет. Негізгі капиталға инвестиция жаман құйылмаған. Алайда, үш ауданда оның көлемі төмендеген. Тез арада жағдайды түземей болмайды. Құрылыста да сегізінші орында тұрғанымызбен, қарқынды арттырған жөн.
Облыс әкімі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 7 жобаның ғана бар екенін сынға алып, өз кіші Отандарына көмектесулері тиіс азаматтарды қарастырып, осы іске тарту жөнінде тапсырма берді. Осы мәселе бойынша әкім таяу арада арнайы кеңес өткізуді де қажет деп тапты. Шағын және орта кәсіпкерлік туралы да әр елді мекен бойынша жұмыс жүргізілу керектігі айтылды. Бес ауданда кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны кеміген. Әсіресе, осыған мүмкіндік мол курортты өңірлердегі кері жағдаймен қалай келісуге болады?! ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне де аз қалды. Оның қонақтарын қарсы алатын Бурабай, Зеренді, Қорғалжын аудандары осыған жан-жақты дайындық жүргізулері керек.
Бұдан әрі халықты жұмыспен қамту, тұрғындардың міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен шет қалып қоймауы, тағы басқа өзекті мәселелерге тоқталған Мәлік Мырзалин еңбекақының жай-жапсарына да жете талдау жасады. Еңбекақы деңгейі орташа облыстық көрсеткіштен кем соғып отырған аудандардан мысал келтіріп, әкімдердің жұмысы осы жағынан да бағаланатынын ескертті. Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар