Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отанға деген сүйіспеншілік туған жерден басталады - АРҚА АЖАРЫ

Отанға деген сүйіспеншілік туған жерден басталады

Біздің кең-байтақ мемлекетімізде мыңдаған елді мекендер бар. Сол ауылдарды өркендетіп, тарихын жазуға, жастардың бойында кіші Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, сіңіруге Елбасының «Туған жер» бағдарламасының тигізер ықпалы зор болмақшы.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына мен бірінші рет қатыстым. Мен үшін Мемлекет басшысымен болған бұл жүздесу ерекше достық пейілдегі жылылық пен сыйластық нұры тасыған маңызды шара болды. «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбында өткен сессияда Елбасы ең алдымен, жастардың тәрбиесі мен болашағына көп көңіл бөлді. Бұрынғы Жолдаулар мен стратегиялық бағдарламаларда ел экономикасының дамуына ерекше екпін берілетін. Одан біздің еліміз ұтылған жоқ. Экономикасы дамыған елу елдің қатарына қосылдық. Ендігі кезекте бәсекеге қабілеттілік, жарқын болашақ – келер ұрпақтың тәрбиесі мен білімділігінде. Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында идеологияға, ұлттық құндылықтарды сақтауға, рухани даму мен жаңғыруға баса назар аударылған.
Сессияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
осы мақаланы жан-жақты тарқатып, баршаға ұғынықты түрде түсіндіріп берді. Халықтың ауызбіршілігі, адами қасиеттердің бірінші орынға шығуы, дені сау ұрпақтың тәрбиеленуі – барлығы да мақалада кеңінен айтылған идеологиялық жұмыстардың нәтижесіне байланысты болмақ. Қазір біздің қоғамымызда жантүршігерлік түрлі оқиғалар болып жатыр. Дүбірлі дүниеде лаңкестік әрекеттер, қарулы қақтығыстар орын алуда. Тыныштық тұрақтаған, келісім орнаған біздің елімізде халықтың достығы мен сыйластығы бекем болса, мұндай оқиғалар болмайды деп сенеміз. Себебі, біз қазақстандықтар ұлтқа бөлінбей, жерлестеріміздің балаларын өзіміздің бауыр етіміздей жанашырлықпен тәрбиелейміз, дұрыс жолға сілтейміз. Сырттан еніп жатқан теріс ағымдардың жетегінде кетіп, отбасынан, туғандарынан айырыла жаздаған адамдар қаншама. Кешегі өткен сессияда сондай теріс пиғылдылардың соңынан еріп, абырой болғанда одан құтылып, жарқын өмірге бет алған азаматтар көздеріне жас алып, ұрпақ тәрбиесіне сақ болуымыздың қажеттігін тағы бір ескерткендей болды. Осындай өкініштердің алдын алу үшін әр ауыл-аймақ, әр отбасы балаларын кіші Отанында – туған жерінде бірігіп, адамгершілікке, мейірімділік пен кішіпейілділікке, өзінің тілі мен дінін, салт-дәстүрін сүюге бағыт-бағдар беріп отырулары тиіс. Мұндай жұмыстар Заречное ауылында, ондағы білім ошағы – мектепте дұрыс жолға қойылған.
Елбасының тарихтың, мәдениет пен әдебиеттің дамуына көп көңіл бөліп отырғаны мені аса қуантады. «Туған жер» бағдарламасы аясында ауыл-аймақты гүлдендіруге атсалысқанда, тарихы мен сол жерден шыққан атақты адамдары жайлы ақпарат жинағанда жастардың патриоттық сезімдері оянады. Жоба ауқымы кеңейіп «Туған елге» ұласатыны да көңілге қонымды. Елбасы:
– Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі, – деді. Бұл әрине бір күннің емес, бірнеше жылдарға созылған кемеңгер ойдың, сұңғыла сананың жемісі. Бұл орайда, тарихи ескерткіштеріміз бен мәдени нысандарымыз қалыпқа келеді деген ойдамын. Ауыл-аймақтарға баратын жолдардың бойында қаншама ескерткіштер бар. Олардың тарихына үңіле қарап, сол ескерткіштер кімге қойылғандығын зерттесек, болашақ ұрпаққа жеткізсек, осы бағыттағы жұмыстарға бірге жұмылдырсақ тарихтың бір парасын солардың өздерінің көмегімен жасасақ жастар туған халқын, тарихын, елін сүйетін, патриоттар болып қалыптаспақ.
Наталья МИЛЮК,
Заречный ауылдық округінің әкімі.

Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар