Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төреғали Көкше төрінде ән салды - АРҚА АЖАРЫ

Төреғали Көкше төрінде ән салды

«Көкшетау» мәдениет сарайында талантты әнші Төреғали Төреәлінің «Бір түрлі қыз екен» атты ән кеші өтті.

 

«Қаным да қазақ, жаным да қазақ» әнімен бастаған Төреғали Төреәлінің концертіне келген кісінің көп болғаны соншалық, екінші концертін тағы қойды. Қазір Төреғалидің продюсері болып жүрген әкесі Төреәлі Әлиханұлы да ұлымен бірге тамылжыта ән салды.
«Мен романтик емеспін» әнін айтқан кезде залдағы қауым билеп, әншімен бірге суретке түсті. 2009-2011 жылдары Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер академия-
сында актер мамандығы бойынша білім алған, бірнеше рет студенттер айтысының жеңімпазы атанған Т.Төреәлінің әндеріне әсіресе, жас-
тар сұранысы басым. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, сымбатты да сүйкімді, салмақты жігітке ғашық болған қыздар да аз емес шығар. Әндері тартымды Төреғали Германия, Түркия, Ұлыбританияда да концерттік сапарда болған. – Шет мемлекетте жүргенімде де ұлы қазақ даласына ештеңе жетпейді, – дейді ол.
Айтыс пен эстраданы бөліп жармайды. Алматы туралы әнді нақышына келтіріп орындады. «Жұмақтын кілті ананың табанының астында», «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» демекші, анасына «Анашым-ай» әнін арнады, содан соң «Бол жанымда», «До, ре, ми» әндері шырқалды. Айта берсек, құлақ құрышын қандырған жақсы әндер көп.
Әнші Ақмола, Көкше жеріне, көрікті Бурабайға ғашық екенін айтты. Инабатты да ибалы, тәрбиелі де мәдениетті аруларымызға арналған әндер де шырқалды. Көңілден шыққан концерт «Бір түрлі қыз екен» әнімен аяқталды. Жиналған жұрт талантты әншіге риза. Шырқай бер, Төреғали!

Қарлығаш ҚАРПЫҚБАЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар