Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағдырыма ризамын - АРҚА АЖАРЫ

Тағдырыма ризамын

Мен Егіндікөл ауданында дүниеге келдім. 2008 жылы Астана қаласындағы гуманитарлық-педагогикалық колледжі аяқтап, Ушаков орта мектебінде ұстаздық жолымды бастадым.

 

Содан кейін Егіндікөл «Балбөбек» балабақшасында жеті жыл тәрбиеші болып жұмыс істедім. Қазіргі таңда еңбек жолымды тілдерді оқыту орталығында жалғастырудамын.
Жастайымнан қазақ тіліне жетік болдым. Содан болар, өзге ұлт арасындағы қазақ тілінде өтетін байқауларға, іс-шараларға жиі қатысып тұрамын. Байқауларда ақбоз атымның маңдайы жарқырап, жүлделі орындардан көрініп, көптеген алғыс хаттар және дипломдармен марапатталдым. Жан жарым Қуат екеуіміздің үш баламыз бар. Тұңғышымыз – Айтуар студент болса, Нұрай мен Айбар мектеп жасындағы оқушылар.
Ұлтым орыс болса да, қазақ отбасына келін болып түскендіктен, ислам дінін қабылдап, мешітке барып жүремін. Жолдасым екеуіміз ата салтымен некемізді қидық. Мұсылман болғандықтан есімімді қазақшалап, Мәдина деп өзгерттім. Ата-енемнің  қолында тұрып,  қазақтың тұрмыс-тіршілігіндегі барлық салт-дәстүрді үйреніп жүрмін. «Береке үлкендермен болады» делінген хадисте.
Енесі бар келін мен ене көрмеген келіннің айырмашылығы өте көп екендігі байқалып тұрады. Тіпті, апаларымыз «ене көрмеген өзі ене болып жарытпайды» деп жатады емес пе? Ене – келін үшін тәрбие институты. Өз басым келін үшін енеден артық ақылшы жоқ деп есептеймін. Себебі, ол өз баласын бәрінен жақсы таниды, әулет адамдарының хал-ахуалынан хабардар. Бала күтімі мәселесінде де ене – ең жақсы ұстаз. Онымен барлық  істе ақылдасып отыруды әдетке айналдыру керек сияқты.  Қазақ халқы бұл туралы «көп білгеннен емес, көп көргеннен сұра» дейді. Олардың тәжірибесі мол әрі баласының отбасы үшін бәрінен де артық жақсылық ойлайды. Маңдайыма  қазақ  жігітінің  жан жары болу жазылды. Өз басым тағдырыма ризамын. Қазақ тілін меңгергеніме, оның мол қазыналы байлығына кенеліп, еркін сөйлей алуыма қазақ тілі мұғалімі Рахия Қоқышқызының көп септігі тиді. Өз отбасыма және қайын жұртыма алғысым шексіз.
Марина ЖАҚЫПБЕКОВА, қазақтың келіні.
Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар