Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
АСЫЛ АНА - АРҚА АЖАРЫ

АСЫЛ АНА

Анаңның алдындағы борышыңды Меккеге үш мәрте арқалап апарсаң да, өтей алмайсың деп бекер айтылмаса керек.  «Ана» деген үш әріпте қанша күш, қанша мағына, қанша құдірет жатыр десеңізші!

 

Бұл күнде жалғыз Бірлестік ауылына ғана емес, бүкіл төңірекке үлгі болып отырған Бекмағанбетовтер әулетінің ұйтқысы – кішкентай ғана қара кемпір, менің анам.  Ол кісі марқұм әкеміз, Дәулетбек қажы бастап кеткен, барша елге өнеге боларлық жақсы да әдемі дәстүрді жалғастырып отырған асыл жан. Әулеттің әдемі дәстүрі деп отырғаным, әкеміз екеуі 10 ұл-қызына үлкен ата-аналық махаббатын, жылы мейірімін беріп, тәрбиелеп өсірді, әрқайсысын жоғары оқу орындарында оқытып, бір-бір мамандық иесі атандырды. Ұл-қыздарының бірде-біреуі темекі шегіп, ащы суды татып алған жандар емес, түгелге жуығы намазын оқып, тиісті қызметтерін ақ адал істеп жатыр. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, ата-анамыз арманына жетті. Ұл-қыздарынан қазіргі күні 24 немере, 15 шөбере сүйіп отыр. Әкеміздің айтқан көп өсиетінің бірі – «Адамға қолыңнан келсе, тек жақсылық жаса, зияның тимесін, сауаптан болады», – деген қағидасын біз өмірде берік ұстанып келеміз.
Иншалла, бірігіп көтерген жүк жеңіл дегендей, бір-бірімізден көмегімізді аямаймыз. Үй салсақ та, ұл үйлендіріп, қыз ұзатсақ та, аяулы анамыз бен ардақты аға-жеңгелеріміз көмегін аяған емес.  Осының бәріне ұйтқы болып, ақылын айтып, жылы шуағын шашып отырған асыл анамыз бен Ақылбек есімді ағамыз. Ақылбек ағамыз басқа ағаларым сияқты, біздің әулетке ғана емес, барша ауылға,  бүкіл төңірекке ақылымен де, ісімен де сыйлы жандардың бірі.
Әр адам өз ата-анасын үлкен бір күш иесі санайды. Студент кезімізде демалыста үйге бармасаң, әкеміздің тынышы кетіп, сағынып, бізді іздеп отыратын. Әр емтиханнан кейін үйге барып, алған бағамды әке-шешеме айтып, мақтанып, маңдайымнан иіскетіп, бір күш-қуат алғандай болатынмын. Кетерде анама бетімнен сүйгізіп, «Алла абырой берсін!» деген сөзін естімесем, емтиханымды тапсыра алмайтындай сезінетінмін.
Отбасында, туған ұямызда алған тәрбиемізді күні бүгінге дейін солай жалғастырып келеміз. Әлі күнге дейін анамыздың айтатын ақылы да, арман-тілегі де «Аллаһ осы ұйымшылдықтарыңнан айырмасын, бір-біріңнен көмектеріңді аямаңдар. Біріңде бар болса, екіншің оған қуанып отырыңдар. Біреу-міреу сұрап келе қалса, «соңғы қалған наныңның жартысын үзіп бер» деген ұлағатты сөзге  келіп тіреледі. Осыны естумен өсіп келе жатқан немерелері мен шөберелеріне де біздікіндей ауызбірлік берсе екен деп тілеймін.

Суретте: Бекмағанбетовтердің үлкен шаңырағы.

Қарагөз ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар