Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан коммунистік халықтық партиясы Ақмола облыстық комитетінің бюросы өңірде су тасқыны жөніндегі хабарды естісімен, зардап шеккен жандарға көмек қолын созуға ұмтылды. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан коммунистік халықтық партиясы Ақмола облыстық комитетінің бюросы өңірде су тасқыны жөніндегі хабарды естісімен, зардап шеккен жандарға көмек қолын созуға ұмтылды.

 Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Облыстық комитет аппараты бір күндік еңбекақысын арнайы есеп-шотқа аударды. Бұл іске коммунист ардагерлер де белсене атсалысты. Әркім өз мүмкіндігінше ақша мен киім-кешек әкелді. Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмектесу жөніндегі ақпаратты өз жақтастары мен таныстары арасында таратты. Мәслихаттардың коммунист-депутаттары А.Сүлейменов пен М.Молдахметов алғашқылардың бірі болып, қажетті киім-кешек пен азық-түлік тағамдарын сатып алу үшін қаражат әкелді.

Астанада ақмолалықтарды Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Мәжілісінде Владислав Косарев басқаратын «Халықтық коммунистер» фракциясы қолдады. Ауқымды көмек көрсеткен «Прометей» қоғамдық қорының басшысы Олжас Сыздықов 200 мың теңге қаржы бөлді.
Жалпы қысқа мерзім ішінде 400 мыңнан астам теңге және 20 келіден астам киім-кешек жиналды. Облыстық комитет басшылығы Сандықтау ауданының билік органдарымен белсенді жұмыс істеп, қажетті заттарды анықтап, жиналған қаржыға матрас, жастық, көрпе тәрізді төсек-орын сатып алды. Төсек-орынды Балкашин селосына жеткізу үшін Олжас Сыздықов автокөлік бөлді. Биылғы жылдың 25 сәуірінде партияның «Шапағат» жобасы бойынша қайырымдылық көмек тиеген автокөлік Сандықтау ауданында болып, Балкашин, Максимовка және Сандықтау селоларының зардап шеккен тұрғындарына қажетті заттарды жеткізді. Кейбіреуінің үйлеріне дейін апарып берді. Мәселен, еңбек ардагері Виктор Бубликов көлігінің жоқтығын айтып еді, партия еріктілері оның үйіне барды. Қайырымдылық көмекті таратуға және жеткізуге партияның Сандықтау аудандық комитетінің хатшысы Виктор Новоселов белсене араласты. Аудан әкімінің орынбасары Гүлнәр Қадырова, су тасқыны зардабын жою жөніндегі аудандық қоғамдық кеңестің басшылары және село тұрғындары өздерін қолдаған халық коммунистеріне алғыстарын білдірді.
Жан-жақты қамқорлықты сезген олар айғай-шуға жол бермей, қиындықтан елдің арқасында шығатындарына сенімді. Қазақстан коммунистік халықтық партиясы Ақмола облыстық комитетінің хатшысы Бейсенбай Мәжитов өз сөзінде қазақтарда «Асар» деген ұғым барын, халықтық коммунис-тер осы дәстүрге берік екендіктерін айта келе, мұндай қайғыны тек ынтымақ пен бірлік арқылы жеңуге болатынын атап өтті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар