Су тасқыны орын алғаннан бері осы табиғат апатынан зардап шегушілер үшін облыс әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесіне келіп түсіп жатқан қайырымдылық көмек легі бір толастамауда.
Таяуда ғана жылы киім, азық-түлік, тұрмыстық заттар тиелген төрт жүк автокөлігі Сандықтау ауданына жөнелтілді. Көмек қолын созушылардың арасында жалпы құны 35 мың теңге болатын бес жүз бөлке нан жіберген жеке кәсіпкер «Наурызбаев», түрлі тұрмыстық заттар мен жылы киімдер, басқа да қажеттіліктермен көмектескен «Орталық базар» АҚ жұмысшылары, «Керуен сарай» сауда үйі, «Рио» ойын-сауық орталығы, «Пайда» сауда үйі, «Олимп» шағын базары бар. Дәл сондай көмек Атбасар қаласына жіберілді.
КамАЗ автокөлігіне тиелген 20 тонна ұн, 1750 литр сұйық май, басқа да азық-түлік өнімдері апаттан зардап шеккендерге берілмек. Қайырымдылық шарасына қатысқан «BLICTERMINAL» ЖШС, Гранитный кентінде тұратын кәсіпкер Барлыбай Жауаров сияқты демеушілердің игі істерін атап өтуге болады. «Тыныс» АҚ жүк автокөлігін тегін берді. Гуманитарлық шараға облыс орталығында жұмыс істейтін этно-мәдени орталықтар, қоғамдық ұйымдар, шағын және орта бизнес өкілдері белсенді қатысуда. Достық үйінде орналасқан су тасқынына ұшырағандарға көмек жөніндегі қабылдау қосыны тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істеуде.
Валентина МАМОНОВА,
көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету
жөніндегі комиссия мүшесі.