Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Конкурстар өткізу барысында заң жиі бұзылады - АРҚА АЖАРЫ

Конкурстар өткізу барысында заң жиі бұзылады

Облыстық прокуратура мемлекеттік сатып алулар барысындағы  заң бұзушылықтар мен сот арқылы шешілетін даулы істерді азайту мәселелеріне арналған мәжіліс өткізді. Оған  білім, денсаулық сақтау басқармалары мен басқа да бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Облыс прокурорының орынбасары Қуаныш Әмірәлиннің айтуынша, жыл сайын облысымызда үш жүзге тарта лауазым иелері мемлекеттік сатып алуға байланысты заң бұзғандары үшін түрлі жауапкершіліктерге тартылып жатады екен. Жемқорлыққа қарсы күрес шаралары қатаң және белсенді жүргізіліп жатқанына қарамастан, мемлекеттік сатып алуға байланысты заң бұзушылықтар қатары азаймай отыр. Осы орайда, прокуратура осындай заң бұзушылықтарға жол берілу себептерін талдап, мәселенің мән-жайын анықтаған.
Облыстық прокуратураның 4-ші басқармасының басшысы Мұрат Әбішевтің пікірінше, мемлекеттік сатып алуда жиі кездесіп жататын заң бұзушылықтардың бір себебі – осы іспен айналысатын мамандардың білімі мен біліктілігінің жетіспеушілігі болып отырғанға ұқсайды. Мәселен, өткен жылы Зеренді ауданында жоғары оқу орнын енді бітірген жас маман Ахметова бір мекемеге бухгалтер болып орналасады. Екі ай ғана жұмыс істеген оған мемлекеттік сатып алу жөніндегі құжаттарды даярлау тапсырылады. Бухгалтерлік есеппен ғана айналысатын, заң саласын жетік білмейтін ол тендер құжаттарын дайындау барысында қателіктерге жол береді.
Осыдан кейін ол әкімшілік жазаға тартылып, ірі көлемде айыппұл төлейді және  қызметінен босатылады. Осылайша жас маман білімінің жеткіліксіздігінен жемқор атанып қызметтен кеткен. Бұған кім кінәлі? Қуаныш Әмірәлиннің айтуынша, мекеме басшыларының өз қызметкерлерінің мемлекеттік сатып алуға қатысты білімдерін жетілдіруге мүмкіндік жасамауы осындай келеңсіздікке ұшыратып жатады.
Осы орайда, прокуратура мемлекеттік сатып алуға қатысты заңнамаларды көрсете отырып, әдеби және түсінікті тілмен әдістеме құралын жасап шығарған. Мемлекеттік сатып алумен айналысатын мамандарға арналған бұл әдістемелік құралда оны құжаттауға қатысты барлық сауалдарға жауап бар.  Мәжіліс барысында оған қатысушылар прокуратура дайындаған әдістемелік құралға байланысты өз ой-пікірлерін бүкпесіз ортаға салды. Оның жетімді тұстарымен бірге, әлі де ескерілсе дейтін олқылықтары да айтылды. Мәжіліске төрағалық еткен облыс прокурорының орынбасары сөйлеушілер тарапынан айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың алдағы уақытта ескерілетінін және әдістеменің соңғы нұсқасы осындай ұсыныстармен толықтырыла отырып дайындалатынын айтты.
Прокуратура дайындаған әдістемелік құрал мемлекеттік сатып алу шарасын өткізгенде жол берілетін заңсыздықтарды азайтып, жемқорлыққа және сол арқылы орын алып жататын мемлекет қаржысын талан-таражға салуға жол бермейтін болады деген үміт бар.

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар