Өткен жексенбіде облыс әкімі Мәлік Мырзалин отбасымен Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында болып, өзбек драматургы Иззат Сұлтановтың «Отбасылық құпия» комедиясын тамашалады.
Бұл комедияның премьерасы театрда сәуір айының басында болып өткендігін еске сала кеткен жөн. Қоюшы режиссері – Болат Әбдірахманов.
Спектакль аяқталған соң облыс әкімі Мәлік Мырзалин театр басшысы Мұратбек Оспанов бастаған өнер ордасының актерлерімен кездесіп, театр жұмысы мен қызметіне қатысты ұжым тарапынан қандай бір ұсыныстар болса, өнердің қара шаңырағына қолдан келген көмегін көрсететіндігін айтты.
Ырысалды Шамшиева.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.