Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жүктілік кезіндегі қанның аздығы - АРҚА АЖАРЫ

Жүктілік кезіндегі қанның аздығы

Бүгінде болашақ аналардың арасында қанның аздығы, яғни, анемия ауруы жылдан жылға жиілеп барады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, аталмыш ауруға шалдыққандардың 89 пайызында темір жетіспеушілігі байқалады.

Мамандардың пікірінше, бұл ауру негізінен  құрамы үйлесімсіз  және микроэлементтері аз тағамдарды  тұтыну салдарынан  болып отыр.  Жүкті әйелдің бойында көптеген өзгерістер болады. Солардың бірі – қан  құрамының өзгеруі.  Айналымдағы  қан көлемі ұлғайып,  плазма және эритроциттер жоғарылайды. Соның ішінде эритроциттерге қарағанда, плазма мөлшері  айтарлықтай жоғары болады. ТМД мемлекеттерінде  жүкті әйелдердің 40 пайызында  қан аздығы орын алады. Нәрестенің қалыпты  дамуына  қажетті дәрумендер ана бойынан  алынары белгілі. Сол себепті, жүкті әйел өз денсаулығына  жүрдім-бардым қарамауы керек.
Жүкті әйелдер қанының аздығына айтарлықтай шағым айтпайды. Бірақ  әлсіздік, бас айналу, талма  байқалуы мүмкін. Сонымен қатар, шаш түсуі, тырнақтың сынғыш болуы, ауыздың шеткі жақтарында тыртық іздер байқалады. Жүктілік анемиясында қанда гемоглобин деңгейі 115 және одан төмен, эритроциттер 3,7 *10*12 литр, түсті көрсеткіш 0,85 болады. Жүктілік анемиясы деген диагноз қан жағындысында өзгерген эритроциттер анықталғанда қойылады. Оларға пойкилоциттер және анизоциттер жатады. Анемияның жеңіл, орташа, ауыр түрлерін ажыратады. Жеңіл түрінде гемоглобин деңгейі 90-115, орташада -80-90, ауыр түрінде -80-нен төмен болады.
Жүкті әйелдер анемияға шалдыққанда бірнеше ережелерді ескеруі қажет. Ең алдымен, анемияны емдеуде диета  аса қажет. Жүкті келіншек күніне  кем дегенде 120 грамм  белок қабылдауы керек. Жеген еттен тек 6 пайыз, ал, өсімдік тектес тағамдардан 0,2 пайыз  темір ғана ағзаға сіңеді. Анемияны темір препараттарымен емдейді. Емге феррокаль және ферроплекс, конферон, тардеферон секілді препараттарды пайдаланады.
Жүкті әйелдің қанның аздығы ауруына шалдыққаны расталса, онда міндетті түрде емделіп, болуы мүмкін зардаптардың алдын алғаны абзал. Ондай жағдайда  дәрігерлер арнайы  препараттарды  қабылдауға кеңес береді. Мысалы, темір препаратын  тұрақты түрде қабылдаған жағдайда үшінші аптадан соң, қан құрамында гемоглобин  мөлшері көтеріле бастайды. 9-10 аптадан соң, ол толықтай қалпына келеді.  Дәл осы кезден бастап жүкті әйелдің жағдайы жақсара бастайды. Анемиядан айығып шыққаннан кейін емді үш ай бойы тоқтатпаудың маңызы зор. Егер жүктілік кезінде анемияны емдемесе, босанғаннан кейін бір  жыл бойы темір препараттарын қабылдау қажет. Жүктілік анемиясын емдеу амбулаторлы түрде жүргізіледі. Тек ауыр жағдайларда ғана ауруханаға жатқызылады.
Людмила  ГАЛУС,
   облыстық перинаталдық орталықтың жүкті  әйелдер патологиясы  бөлімшесінің акушері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар