Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола – Оңтүстік Қазақстан: ынтымақтастық қадамы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола – Оңтүстік Қазақстан: ынтымақтастық қадамы

Кеше Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин бастаған  делегация өкілдері аймақаралық ынтымақтастықты дамыту аясында «Scat» компаниясымен бірлесіп ашылған алғашқы әуе рейсімен Шымкент қаласына келді.

Көкшетау-Шымкент жаңа әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімінен кейін облыс әкімдері Мәлік Мырзалин мен Жансейіт Түймебаев кездесу өткізді. Оның барысында тараптар Ақмола облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының ерекшеліктері мен экономикалық әлеуетін, сондай-ақ, өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады және екі облыс арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  
Бұған қоса, Көкшетау және Шымкент қалалық әкімдіктері, «ӘАК «Есіл» ҰК» және «ӘАК «Шымкент» ҰК» акционерлік қоғамдары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ, «ENKI»  ЖШС мен Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы арасында өнім жеткізу туралы, ал, «Көкшетау минералды сулары» АҚ мен «Азамат» ЖШС арасында 2 миллиард теңге сомасына дистрибуциялық келісім-шарт жасалды. Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мұндай ынтымақтастық Ақмола облысы экономикасының барлық саласын қамтығанын атап өтті.   
 – Жалпы, біздің облыстың бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары Оңтүстік Қазақстан облысының шаруашылық субъектілерімен тығыз байланыс-та жұмыс істеп келе жатыр. Олар: «Көкшетау минералды сулары», «Тыныс», «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамдары, «ENKI» ЖШС, Степногорск тау-кен химия комбинаты және тағы басқалары. Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық дайын өнімді жеткізу және шикізатты сатып алу саласында да қалыптасқан. Бүгінгі іс-шара бұл байланысты кеңейтіп, өнім өткізудің жаңа нарығын ашып, екі тарапқа да сенімді әріптес табуға көмектеседі деген ойдамын, –  деді Мәлік Мырзалин.
Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев бүгінгі келісімдер екі өңірдің өзара тиімді әрі нәтижелі қарым-қатынастарының одан сайын дамуына үлкен септігін тигізеді деген сенім білдірді. Сондай-ақ, ол Оңтүстік Қазақстан облысының халық тығыз орналасқан аумақтарынан оларды жұмыспен қамтып жатқан солтүстік өңірлерге адамдардың да көшіп жатқандығын тілге тиек етті. «Бүгінгі күні облыста 2000 адам Ақмола облысына көшуге ниетті», – деді Жансейіт Түймебаев.   
Ақмола облысының әкімі өз кезегінде бүгінгі таңда облыс орталығындағы полиэтилен қапшықтарын өндіретін «Новопэк» фабрикасында жұмыс күшінің жетіспеушілігі сезілетінін айтты.
– Біздің компания Оңтүстік Қазақстан облысынан келетін 300 адамды жұмыспен және тұратын орынмен қамтуға дайын, – деді «Новопэк» ЖШС басшысы Айдар Жақыпов.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.
Шымкент.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар