Жергілікті атқарушы органдар-дың шешімімен Ұлы Жеңістің 72 жыл-дығы құрметіне төленетін бір мезгілдік материалдық қосым-
ша көмектің мөлшері белгілі болды.
Биыл облыс аудандары мен қалаларында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің әрқайсысы 76 айлық есептік көрсеткіш немесе 172 мың 444 теңге мөлшерінде қаржылай көмек алатын болады. Ал, облыс орталығында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің әрқайсысына бұл төлем 200 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 20 мың теңгеден, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға 10 мың теңгеден төлем жасалады.
Облыс аудандары мен қалаларында бұл көмек тиісінше бес айлық және үш айлық есептік көрсеткішті құрайтын болады. Бұдан басқа да санаттарды қоса есептегенде облыс бойынша осындай бір мезгілдік материалдық көмек барлығы 5488 адамға көрсетілмекші. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 63 168,8 мың теңге қаржы жұмсалады.
Сөз ретіне қарай айта кетсек, бүгінгі таңда облыста небары 112 Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедегі қалып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.