Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық Ұланның ұмтылысы - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық Ұланның ұмтылысы

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерімен бірге Ұлттық Ұланның құрылғанына да 25 жыл толғалы отыр. Біздің еліміздің басты байлығы – тыныштығымыз бен татулығымыз. Осы құндылықтар болған жерде ғана мемлекеттің іргетасы берік болады. Елбасының сөзімен айтсақ, ішкі қауіпсіздік пен тыныштық – тұрақты дамудың кепілі.

 

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің ішкі тыныштығына, құқықтық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге жіті көңіл бөле отырып, Егемендік декларациясы жарияланғаннан кейін 26 күн өткен соң Ішкі әскерді құрды. Бұл келешек үшін алғашқы елдік шешімдердің бірі болды.
Жаңа мемлекет болып қалыптасып, барлығын жаңаша бастау оңай емес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қай сала болса да  қиыншылық құрсауында қалғаны рас. Соған қарамастан, елге адал қызмет етіп, Отан қорғауды ең қастерлі борыш санаған әріптестеріміз  шыдамдылық пен төзімділік танытты. Осы қажыр-қайраттың арқасында еншіміздегі барлық ғимараттар бұзылмастан сол қалпында сақталды. Техникаларымыз бен қару-жарақтарымыз да талан-таражға түскен жоқ. Ең бастысы, сарбаздарымыздың басы аман, бауыры бүтін болды. Мемлекет тарапынан бізге ең алдымен, бұрынғы Кеңес Одағынан қалған Өскемен, Курчатов және Степногорск қалаларындағы стратегиялық маңызды нысандарды күзету тапсырылды. Мұнан өзге түзеу мекемелері мен ел үшін орны бөлек  нысандардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Кеңес заманында еліміздің әр түкпіріндегі әскери бөлімдерде кәсіби мамандықтарын терең меңгерген әскери қызметшілер көптеп қызмет атқарды. Одақ ыдыраған бойда олардың басым көпшілігі өздерінің тарихи Отандарына  қарай ат басын бұрды. Осы кезде жоғары білімді запастағы офицерлер қызметке шақырылып, ішкі әскер саласына мамандандырылды. Олардың біразы бүгінгі таңда да Ұлттық Ұланның сапында абыройлы қызмет атқарып, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Бертін Петропавл қаласындағы ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесі ішкі әскерлердің әскери институты болып өзгертіліп,  келешектерін әскери өмірмен байланыстырғысы келетін жастарды  оқуға  қабылдады.  
Президент пен Үкімет тарапынан ішкі әскерді жан-жақты дамытуға және жетілдіруге айрықша көңіл бөлінді. Міне, осылайша сындарлы сәттерден сүрінбей өттік. Жалпы алғанда, Ұлттық Ұланның құрылымдық бөлімдері еліміздің ең ірі деген 19 қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Яғни, ел аумағындағы барлық үлкен қалаларда әскери бөлімдер бар. Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімнің сарбаздары да күнделікті патруль қызметіне жұмылдырылады. Әскер құрамы тұрақты түрде өтетін жедел-профилактикалық шараларға, рейдтерге қатысумен келеді. Біздің жауынгерлеріміз талай мәрте еліміздің түрлі өңірлерінде туындаған орман өрттерін сөндіруден де шет қалған емес. Биылғы жылы облыс аудандарында орын алған су тасқыны кезінде де белсенді көмек көрсеттік. Ортақ күш-жігермен қала көшелеріндегі қылмыс деңгейі де азаюда.
Әскери бөлімде қызмет ететін офицерлер мен кіші командирлердің бәрі де өз істерін жетік біледі. Олар жеке құрамның әскери-саяси дайындығын жетілдіруде күні-түні аянбай қызмет атқаруда. Бұл орайда, майор Сырымбет Бижігітов, Ақбота Махамбетов, Әскер Нұрболатов, Медет Ертайлақов, аға лейтенант Алексей Миронов, контрактімен қызмет істейтін кіші сержант Саят Омаров пен Отан алдындағы мерзімдік әскери борыштарын өтеп жүрген қатардағы жауынгерлер Азамат Советханов, Андрей Гнатченко, тағы басқаларының есімдерін ерекше  атап өтуге болады.  2009 жылдан бастап әскер құрамы жаңа бронды техникамен қамтамасыз етіле бастады. Олардың қатарында «Тигр» арнайы полиция машинасын, көп мақсаттағы бронды «Федерал» және «Урал ВВ» автокөліктерін айтуға болады. 2011 жылдан бері «СемАЗ» АҚ зауытында жасап шығарылған «Урал» автомобиль техникасы да келіп түсуде. Жалпы алғанда, қазіргі заманғы озық әскери техникамен жабдықтау жоғары деңгейде деуге болады. Яғни, Ұлттық Ұлан тәуелсіз еліміздің тыныштығын сақтауға қашанда
әзір деп нық сеніммен айта аламыз.  

Руслан ТЕМІРҚАНОВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы  5510 әскери бөлімінің командирі,  подполковник.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар