Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сарбазбын мен бүгін - АРҚА АЖАРЫ

Сарбазбын мен бүгін

 

Отанды қорғау – әрбір ер азаматтың абыройлы борышы. Көптеген балалар кішкентайынан сарбаз болуды армандайды. Мен де солардың бірімін.

 

Өсе келе ата-бабамыз өз қанымен сақтап қалған кең-байтақ жерімізді қорғау үшін әскерге баруды ойладым.  Еңбекшілдер ауданының Кеңашы ауылындағы орта мектепті бітірген соң А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне оқуға түстім. Күзде әскерге шақыру келгенде қатты қуандым. Әскери комиссардан мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» президенттік полкіне барасың дегенді естігенде алдымда үлкен жауапкершілік күтіп тұрғанын түсіндім.  Қуанғанымнан жоғары оқу орнынан бір жылға академиялық демалыс алып, әскерге аттандым. Алматы қаласындағы әскери бөлімде үш ай бастапқы дайындықтан өткеннен кейін, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге әскери ант бердім.    
Қазір Астана қаласындағы жоғарыда айтқан «Айбын» президенттік полкінің 0112 әскери бөлімінде өзімнің Отан алдындағы азаматтық міндетімді атқарып жүрмін. «Болат қайнауда, батыр майданда шынығады» демекші, мұнда біз күн сайын денемізді шынықтырамыз, қару-жарақтарды пайдалану, оны бөлшектеп бұзып, қайта құрастыру, әскери тактика, қырағылық дағдылары бойынша білім аламыз. Мемлекеттік нысандарды күзету мен қорғау мақсатында полк жасақтары күнделікті қызметке  шығады.
Батыр Бауыржан бабамыздың «Отан үшін отқа түссең де күймейсің» деген сөзін ешқашан естен шығарған емеспін. Ұлы Отан соғысында қаншама ер азаматтар туған жерін, елін қорғау үшін өздері сұранып, қан майданға аттанды. Олардың ұрпағы – біздер де бүгінгі бейбіт күнде еліміздің тыныштығын сақтау үшін мүлтіксіз, адал қызмет етуіміз қажет. Сондықтан, өзімнің қатарластарым мен әскерге шақырылатын болашақ сарбаздарды Отан алдындағы борыштарын өтеуге, әскер қатарында қызмет етуге  шақырамын.  
Жақында елдегі ата-анамнан хат келді. Олар мен әскери борышымды атқарып жүрген полк командирлерінен Алғыс хат алғандарын жазыпты. Бұл – аз да болса, өзіме тәлім-тәрбие берген осы ата-анамның, ұстаздарымның, маған сенім артқан командирлерімнің еңбегін ақтағаным  деп білемін.

Алмаз ЕРМАҒАМБЕТОВ,
Мемлекеттік күзет қызметінің
«Айбын» президенттік полкі
0112 әскери бөлімінің
қатардағы жауынгері.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар