Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкемді өзгелер де білсінші - АРҚА АЖАРЫ

Әкемді өзгелер де білсінші

немесе анам қастер тұтып өткен сол Жоғарғы қолбасшы Алғысы

 

Әкем Қинаят Шақымов 1907 жылы дүниеге келген. Қазіргі Ақмола облысы, Зеренді ауданы Игілік ауылының тұрғыны.  Анамның айтуы бойынша маған жеті ай толғанда 1955 жылдың мамыр айында қайтыс болған. Сөйтіп, әкемді көрмей, шешемнің тәрбиесімен ер жеттім.  Қазақта әкең өлсе де әкеңді көрген өлмесін деген сөз бар. Әкемді көрген ауылдың үлкен адамдары менің әкем туралы небір жылы  сөздер айтатын. Осылайша әкем туралы жақсы пікірмен есейдім.
Үйде бос уақыт болғанда ол кісінің жазған қағаздарын оқуды жақсы көретінмін. Өкінішке орай, ондай қағаздар өте аз болды. Соның ішінде Сталиннің суреті бар бір қағазды шешем өте қадірлеп сақтап жүретін. Сол қағазды оқысам, ол 1945 жылдың 23 тамыз айында Жоғарғы қолбасшы Сталиннің №372 бұйрығымен әкеме жарияланған Алғыс екен. «Красноармеец Шакимов Кинияд, за отличные боевые действия, Вам – участнику боев с японцами на Дальнем Востоке в составе 1-го Дальневосточного фронта приказом Верховного Главнокомандующего Генералиссимуса Советского Союза товарища Сталина объявлена благодарность».
Осы алғыс хаттың ізімен кейін Ресей Федерациясы Москва облысының Подольск қаласындағы Ұлы Отан соғысы мұрағатынан Жоғарғы қолбасшының осы Алғысына қатысты  бұйрықты да таптық.
Осы бір жапырақ қағаз мен үшін үлкен байлықтан да,  атақ-даңқтан да қымбат.
Ауыл ақсақалдарының айтуы бойынша әкем соғыстан кейін есепші, ауылдық Кеңестің хатшысы болып жұмыс істеген. Өмірінің соңғы жылдары 1954 жылдан 1955 жылдың мамыр айына дейін бұрынғы Конезавод 111 (қазіргі  Шағалалы ауылы) селолық тұтынушылар  одағында (ол кезде сельпо деп атаған) қызмет атқарды.
Қазіргі уақытта Көкшетау қаласында тұратын, Көкшетау қалалық  ішкі істер басқармасында көп жыл жемісті қызмет істеп, зейнетке шыққан ардақты ағамыз Батан Райымбеков «Сенің әкең  елге сыйлы, абыройлы адам болған еді» деп айтып отырады. Осыған  әкеме 1953 жылдың 2 наурызында берілген Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы Александровка ауылдық Кеңесі депутатының куәлігі де дәлел болады деп ойлаймын.
Халқымызда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар. Осы сөзді есіме ала отырып, әке-шешеден жалғыз болғандықтан, әкемнің жақсы адам болғанын менен басқа да адамдар білсін деген ниетпен Жеңіс күні қарсаңында газетке осы мақаланы жазуды жөн көрдім. Кейінгі ұрпаққа, жастарға  «әкелерің мен аналарыңды тірі кезінде сыйлап өтіңдер, қадірлеңдер, енді соғыс болмасын» деп айтқым келеді…

Қадырбек ҚИНАЯТҰЛЫ,
заңгер.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар