Елбасы барша қазақстандықтарды және парадқа қатысушыларды Қазақстан Респуб-ликасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығымен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев биыл ел тәуелсіздігі тарихындағы ең ауқымды парад өткізіліп отырғанын, сондай-ақ, Қазақстан армиясы қалыптасудың лайықты жолынан өткенін және оның беделі жоғары екенін айтты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы армияны жаңғыртудың басымдығы бар бағыттарына тоқталып, оны әрі қарай дамыту міндеттерін анықтап берді. Қазақстан Президенті бүгінгідей бейбіт өмір сыйлап, тәуелсіз әрі мықты мемлекет құруға жол ашқаны үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне алғыс айтты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығына тоқталып, Отанымыздың қауіпсіздігін тек армия ғана емес, еліміздің барлық азаматтары да ойлауға тиіс екендігін атап өтті. Соңында Қазақстан Президенті әскери қызметшілердің қасиетті парызын еске салып, оларды кәсіби деңгейін арттыруға, әскери ынтымақ пен бірлікті нығайтуға шақырды.