Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 мамыр – Жеңіс күні «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 мамыр – Жеңіс күні «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

 

Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысы қаһармандарының рухына тағзым етіп, монументке гүл шоғын қойды.
Салтанатты шара соңында Елбасы «Студенттер» саябағындағы шатырлар қалашығына барды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында сөз сөйледі. Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлеріне алғыс айтып, оларды құттықтады, сондай-ақ, жауға қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығын атап өтті.
– Соғыс ардагерлері біздің бақытты өмірімізге, тәуелсіздігімізге және аспанымыздың ашық болуына жол ашты. Біз бүгін «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қойып, халқымыздың майдандағы және тылдағы қаһармандығы мен еңбегіне деген зор құрметімізді білдіреміз, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихында ондаған миллион адамның өмірі қиылған ең қанқұйлы соғыс болғанын айтты.
– Қаза тапқандардың қатарында қазақстандықтар да болды. Республикамыздың 6 миллион халқының 20 пайызы майданға аттанды. Олардың жартысы қайта оралған жоқ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Жеңістің Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы маңызды рөліне тоқталып, оған ел халқының бірлігі арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.
– Біздің ардагерлерге деген құрметіміз олардың ұлы ерлігінен кем түспеуге тиіс. Жеңіске ең алдымен еліміздегі барлық халықтың бірлігінің, бауырмалдығының және достығының нәтижесінде қол жетті. Біз қазір де осы ұранмен өмір сүріп келеміз, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен тағы да құттықтап, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар