Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мамыр туды. Ал, футбол әлі қарасын көрсетер емес... - АРҚА АЖАРЫ

Мамыр туды. Ал, футбол әлі қарасын көрсетер емес…

Футбол – миллиондардың сүйікті ойыны. Ақмола облысында да осы спорт түрін шынымен жақсы көретіндердің қатары аз емес.
Жанкүйерлердің бәрі қыс бойы наурыз туып, Премьер-Лиганың ойындары басталғанша тағат таппайды. Әсіресе, өзіміздің облысымыздың намысын қорғайтын Көкшетаудың «Оқжетпес» клубының жаңа маусымдағы аяқалысын көргенше асық боламыз.
Алайда, бұл үмітіміз ақталмай келе жатқанына биыл міне, үшінші жыл. Неге десеңіз, жылда сүйікті командамыз өзінің біріншіліктегі алғашқы ойындарын сырт алаңда, көбіне Астана-Арена стадионында өткізеді. Кейде бұл бірінші айналымның орта тұсына немесе одан да әрі созылып кетеді. Біз, клубтың шын жанкүйерлері осылайша өзіміздің «Оқжетпес» стадионында жерлес команданың ойынын тамашалап, мыңдарды сыйқырлаған футбол деген тамаша ойыннан ләззат алудан тыс қаламыз.
Былтыр да өз стадионымызда алғашқы ойын чемпионаттың бірінші айналымы орталап қалғанда өтіп еді. Міне, биыл да мамыр айы туды. Ал, өзіміз аңсаған сүйікті футболымыз әлі қарасын көрсетер емес. Стадионда өз жанкүйерлері қиқу салып, намысын жанып отырмаған соң, команданың ойыны да маңдымайды. «Оқжетпестің» қазіргі сылбыр ойыны осы сөзімізге айқын дәлел бола алады.
Команда біріншілік басталғалы жеңілістен көз ашпауда десек, артық айтқандық емес. Тек тоғызыншы турда ғана Астанада қосымша уақытта 2:1 есебімен «Ақтөбе» командасын тізе бүктіріп, аздап өз ойын мәнерін тапқандай болды. Осы жеңісті жол елордада Қарағандының «Шахтерімен» өткен кездесуде тағы тұйыққа тіреліп, ұтылып қалдық. Есеп 0:2. Сөйтіп, турнир кестесіндегі жағдайын тіпті құлдыратқан «Оқжетпестің» өз алаңындағы ойынын біздер, мыңдаған жанкүйерлері қашанға дейін күтуге тиіспіз?!.  Еститін жауабымыз, әзір  «Оқжетпес» стадионы дайын емес, алаң әлі су, кеппей жатыр  дейді. Қар кеткенше, сыртта өтетін бастапқы бір-екі ойын болса, оған ештеңе демес едік. Ал, ұзаққа созылып кететін мына  олқылықтан бір нәтиже шығаратын кез келді ғой.
Клуб кейбір ойындарын Щучинскідегі «Жақсы» стадионында да өткізіп жүр. Бұл да тұйықтан шыққандық емес. Олай дейтініміз, ол  стадионның шөбі жақсы болғанымен, Көкшетаудағыдай емес, команданы қолдайтын жанкүйерлер қарасы мүлдем аз. Ал, кез келген клубты жеңіске жетелейтін команда 11 ойыншыдан тұрса, оның 12-інші ойыншысы болып саналатын футбол десе ішкен асын жерге қоятын осы жанкүйерлер екенін ұмытпайық.
Бұл пікірімді әне-міне, көпшілік назарына ұсынайын деп жүргенімде, облыс орталығының Васильковка шағын ауданы тұсында шамамен 1-1,5  мың орындық жаңа футбол алаңы салынады деп естідім. Ол пайдалануға берілсе, «Оқжетпес» футбол клубы біріншілік ойындарын өз алаңында неғұрлым ерте өткізе алатын көрінеді. Ендеше, сол күн тезірек келсе екен деп тілейміз. Командаға шын берілген нағыз жергілікті жанкүйерлерімен ғана оқжетпестіктер чемпионатта тәуір ойын өрнегін көрсетері айдан анық.

Жангелді ӘРІПОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар