Мемлекеттік тілдің тазалығы айта-айта жауыр болғалы қашан. Бірақ, көбіне баяғы жартас бір жартас.
Бұған шет мемлекеттерден келетін өнімдердің сыртқы жапсырмаларындағы қателерді былай қойғанда, өзіміздің жергілікті жерлерде шығарылып жатқан өнімдердің қораптары мен қалбырларындағы жылдар бойы түзетілмей келе жатқан қателерді көзің шалғанда тіпті, қынжыласың. Осы бір шаруамен ешкімнің ісі жоқтай.
Айталық, облыс орталығының тап іргесінде орналасқан Садовый сүт зауытының мына қалбыршасында қазақ тіліндегі «Тәуелсіздік» сөзі көптен бері «Тауелсиздик» деп бұрмаланып жазылып келеді. Тілімізді, қасиетті ұғымымызды қорлаған осы жауапсыздықтың өзі біздей қарапайым адамдардың жанына батса да, тиісті ұйымдар елеп-ескеретін емес. Ондағы адамдар да дүкеннен осы қаймақты алып, жейтін шығар. Бірақ, сыртындағы осы жазуға неге назар аудармайды?!. Мені ренжітетіні осы. Мүмкін, редакцияға жолдаған осы хатымнан кейін бұл сөз түзетілер…
Тәнзия ЕЛЕМЕСОВА.