«Даму» қорының қаржылай қолдауымен Шортанды кентінде жаңадан әртүрлі тауарларға толы «Тамаша» шағын маркеті ашылды.
Өткен жылы жеке кәсіпкер Бибігүл Оспанова мемлекеттік бағдарлама бо-йынша 8 миллион теңге несие алып, осы жұмысты бастаған болатын. Кәсіпкер бұл іске өз қаржысы есебінен бір миллион теңге қосты. Кент тұрғындары қолайлы аймақта орналасқан дүкеннің ашылуын көптен бері күткендерін айтады. Жарық әрі кең сауда залы азық-түлік тағамдарына, шаруашылық және тұрмыстық тауарларға толы. Дүкен иесі өз кәсібін ашуға мүмкіндік жасаған жергілікті атқарушы органдарға алғысын білдірді. Аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасова өз сөзінде кент тұрғындары үшін бұл шағын маркеттің маңыздылығын айтып, дүкен жұмысына сәттілік тіледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Шортанды ауданы.