Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмысты қоса атқарудың өз тәртібі мен ережесі бар - АРҚА АЖАРЫ

Жұмысты қоса атқарудың өз тәртібі мен ережесі бар

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына қоса атқару жөніндегі жұмыстарға түсінік беру мәселелерімен адамдар жиі хабарласып жатады.

Қоса атқару – белгілі бір кәсіпорын-ұйым, мекеме қызметкерінің еңбек келісім-шартында қарастырылған өзінің негізгі жұмысымен бірге сол өзі атқаратын лауазымда  немесе  басқа лауазымда қосымша белгілі бір жұмыс көлемін атқаруы. Ол мұндай жұмысты өзінің негізгі жұмысына қоса уақытша жұмыста жоқ қызметкердің орнына атқара алады және бұл үшін оған қосымша ақы төленеді.
Мұндайда қызметкерлерге тапсырылатын қосымша жұмыс мынадай жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін.
Біріншіден, лауазымдарды қоса атқару – қызметкердің еңбек келісім-шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көрсетілген негізгі жұмысымен бірге, басқа вакантты лауазым бойынша қосымша жұмыс атқаруы.
Екіншіден, қызмет көрсету ауқымы молаюы  –  қызметкердің еңбек келісім-шартында (лауазымдық нұсқаулықта) қарастырылған өзінің негізгі жұмысына қоса, белгіленген жұмыс күнінің (ауысымның) ішінде дәл сондай вакантты лауазымда қосымша жұмыс атқаруы.
Үшіншіден, жұмыста уақытша жоқ қызметкердің міндеттерін орындау (қоса атқару) – қызметкердің еңбек келісім- шартында (лауазымдық нұсқаулықта)  қарастырылған өзінің негізгі жұмысымен қатар,  басқа да, сонымен бірге, тап сондай лауазымда қосымша жұмыс атқаруы.
Қызметкерлерге жұмыста уақытша жоқ қызметкердің міндетін орындағаны (қоса атқарғаны) үшін қосымша ақы, егер уақытша жоқ қызметкерді алмастыру оны алмастыратын қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірсе, төленбейді.
Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету ауқымы молайғаны немесе уақытша жоқ қызметкердің міндетін орындағаны (қоса атқарғаны) үшін қосымша ақының мөлшері жұмыс берушімен атқарылатын жұмыс көлемі ескеріле отырып, қызметкермен келісім бойынша белгіленеді.
Қоса атқару – қызметкердің негізгі жұмыста бос уақытында еңбек келісім-шарты жағдайында басқа тұрақты төленетін жұмысты атқаруы.
Қоса атқарушы қызметкер негізгі жұмыс орнында еңбек келісім-шартына сәйкес міндетін орындайды. Сондай-ақ, қоса атқаратын жұмысы туралы еңбек келісім-шартына сәйкес, қоса атқарушы есебінде жұмыс орнында осы жұмысты орындайды.
Осыған байланысты негізгі жұмыс орнында жұмыс уақытының ұзақтығы заңда белгіленген күн сайынғы жұмыстың ұзақтылық нормасынан, яғни, бес күндік жұмыс аптасында әр күні сегіз сағаттан аспауы керек. Ал, қоса атқаратын жұмыс күн сайынғы жұмыс ұзақтығының белгіленген нормасынан төрт сағаттан аспауы қажет.
Күн сайынғы негізгі жұмыс және қоса атқарғандағы жұмыс бойынша күн сайынғы жұмыс ұзақтығы осылайша 12 сағатты құрайды.
Жұмысты қоса атқару туралы басқа жұмыс  берушімен еңбек келісім-шартын жасау үшін қызметкер негізгі жұмыс орнынан (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайы) жұмыстың сипаты және ерекшеліктері туралы анықтама әкелуі керек.
Жұмысты қоса атқарғанда, 18 жасқа толмаған қызметкерлерге және ауыр жұмыспен айналысатын, зиянды және қауіпті жұмыстарда жүрген қызметкерлерге белгілі бір шектеулер қойылады.

Галина СЕНЧЕНКО,
Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар