Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жан-жақты қызмет көрсетеді - АРҚА АЖАРЫ

Жан-жақты қызмет көрсетеді

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ақмола жол бөлімшесі филиалында Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде халыққа көрсетілетін қызмет туралы баспасөз мәслихаты болып өтті.

  Баспасөз мәслихатында «Ақмола жол бөлімшесі» филиалы директорының бірінші орынбасары Бақтыбек Мұхамеджанов 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткізілетін халықаралық көрменің дайындығына барлық теміржолшылар өз үлестерін қосып келе жатқанын атап өтті. Дайындық аясында темір жол транспортының нысандарын тәртіпке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көкшетау-Бурабай курорты-Астана-Қырқыншы станция-«Астана-Нұрлы жол» вокзалы темір жол учаскелері аумағының маңы тазаланды. Қамыстар мен бұталар шабылып, құрылыс қалдықтары және тұрмыстық қоқыстар жиналып, сыртқа шығарылуда. Қажет болған жағдайда ескі нысандар бұзылуда.
– Шаралар жоспарына сәйкес, темір жол транспортында жұқпалы аурулардың таралу оқиғасының алдын алу мақсатында Астана мен Көкшетау станцияларында орналасқан карантиндік тұйықтар зерттеліп, дайындалуда. Барлық локомотивтерде, вокзал ғимараттарында «ЭКСПО-2017» көрмесінің логотиптері орналастырылған. Жолаушылар пойызына қызмет көрсететін қызметкерлер арнайы киіммен және формамен қамтамасыз етіледі. Көрме өткізу кезінде пойызда қызмет көрсетудің мәдениеті, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт және өндірістік қауіпсіздік ережесін сақтау жөнінде  қосымша әңгімелер өткізілуде,–деді Бақтыбек Мұхамеджанов. «Вокзал кешені құрылысымен бірге Астана торабын дамыту» жобасы аясында «Астана-Нұрлы жол» станциясы мен вокзал ғимараты пайдалануға беріледі. 2017 жылдың 1 маусымынан бастап жүретін жолаушы пойыздары қозғалысының жаңа кестесі жасалды. Мұнда жаңа вокзал кешеніне қатынайтын 58 жолаушы пойызының бағыты қарастырылған. Одан әрі филиал директорының бірінші орынбасары жолаушы пойыздарының бағытын ұйымдастыру үшін бірыңғай диспетчер орталығы басқармасының бөлек айналымын ашу жоспарланғанын атап өтті.
– Астана станциясының ұзартылған жолы, темір жолды ауыстырғыштың тазалау жүйесін қалпына келтіру, техникалық парк құрылысы, Астананың жаңа техникалық паркі темір жолындағы бағдаршамдарды тұйықтау бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Вагондарға ағымдағы қызмет көрсететін орындар тиісті құрал-жабдықтармен, өртсөндіргіштермен және өлшеу аспаптарымен қамтамасыз етіледі. Астана, Қырқыншы станцияларында туристер мен Астана қонақтарына транспорттық қызметтің қолжетімді сервисін көрсету үшін шетел тілін білетін мамандар іріктелуде. «Астана-Нұрлы жол» жаңа темір жол станциясының 136 адамнан тұратын ұжымы дайындықтан өткізілуде. Олардың 22-сі вагон шаруашылығының және 52-сі локомотив шаруашылығының маманы. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аясында Астана вокзалында аталмыш көрме билеттерін сататын ақпараттық киоск қойылған. Мұнда билеттер сатылып, алдағы көрме жөнінде ақпараттар ұсынылады,–деді ол.
Астана, Көкшетау, Бурабай курорты темір жол вокзалдарының кассаларында «Астана-ЭКСПО» дисконттық карталарын сатып алу бойынша жаңа қызмет енгізіліп, жыл соңына дейін «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрастырылған пойыздар жолақысының 15 пайызы мөлшерінде жеңілдік ұсынады. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде жолаушылар тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында компания 2017 жылдың 1 маусымында қосымша он пойыз қосуды жоспарлап отыр. Оның үшеуі  «Тұлпар-Тальго» серіктестігінің пойызы. Пойыздар Астана-Шымкент, Астана-Атырау, Астана-Маңғышлақ, Алматы-Астана, Астана-Қостанай, Астана-Жамбыл, Орал-Астана, Маңғышлақ-Астана, Астана-Алматы, Шымкент-Астана бағытында қатынайтын болады. «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу үшін Көкшетау станциясынан соғыс және еңбек ардагерлерін, үздік оқитын балаларды, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балаларын тасымалдау үшін Көкшетау-Қызылорда жүйрік жолаушы пойызының купелік вагонында 4 жататын орын бөлу жөнінде «НОМАДОС» серіктестігінің басшылығымен келіссөз жүргізілуде. «Қазақстан темір жолы – жүк тасымалдау» акционерлік қоғамының кәсіподақ ұйымы Ақмола жүк тасымалдау бөлімшесіндегі 54 кәсіподақ мүшесінің балаларымен бірге көрмеге баруына билеттер бөлуде.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар