Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеңіп тұрып, ұтылып... - АРҚА АЖАРЫ

Жеңіп тұрып, ұтылып…

Осы өкініш «Оқжетпес» – «Қайрат» ойынынан кейін жанкүйерлер өзегін өртегені анық.

Премьер-Лиганың 12-ші турында Көкшетаудағы стадион дайын болмай, өз ойындарын әлі Астанада өткізіп жүрген «Оқжетпес» жеңіске біртабан, біртабан емес-ау, мүлдем жақын тұрған. Алматының «Қайратын» шабуылшы Струковтың екі әдемі голынан кейін 2:0 есебімен жеңіп жатқан болатын. Ойынның 74-інші минутында енді жеңіс біздікі шығар деп жанкүйер біткен арқаны кеңге де салудың аз-ақ алдында еді.
Алайда, одан әрі небары 5 минуттың ішінде біздің қақпаға қатарынан үш доп салған меймандар ол ойымыздың ойран-топанын шығарды. Сөйтіп, «Оқжетпестің» қолынан дәмеленген жеңісті жұлып әкетіп, алаңнан алақайлап кете барды.
Ойын тізгінін небары 16 минут ұстап тұра алмаған «Оқжетпестің» қорғаныстағы осал тұсы, жігер мен шеберліктің кемшін соғып жатқаны, ойыншылардың соңына дейін барын салмауы осы арада көрінді. Оның үстіне Астана Арена өз жанкүйерлерің қиқулап, екі аяқты бір етікке тыққызып отыратын Көкшетаудың өз стадионы емес. Жуыр маңда клуб біріншіліктегі өз кездесулерін өз стадионында өткізе бас-тамаса, сөйтіп, жанкүйерлер көмегімен кеткен есенің орнын толтырмаса, көш соңындағы қазіргі қалпымен Премьер-Лигамен қош айтысуы да ғажап емес. Ендеше, облыс орталығындағы стадион қашан дайын болады? Мәселе міне, осында. Кеше клубқа бұрынғы Николай Паниннің орнына Юрий Бондаренко жаңа директор болып тағайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар