Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерейменде арулар бақ сынады - АРҚА АЖАРЫ

Ерейменде арулар бақ сынады

Ертеден  ата-бабамыз қыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Бесігінде жақсы үлгі-өнеге алған қыз бойжеткенде де сол әдетін сақтайтыны анық. Әсіресе, әдептілік пен сыпайылықты, инабаттылық пен мейірімділікті бойына жинаған қыз мейірімді ана, адал жар болып, отбасының құты атанған.

 

Аудандық ішкі саясат бөлімі мен мәдениет үйінің қолдауымен және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ерейментау аруы–2017» байқауының мақсаты да инабаттылық пен кішіпейілділікті насихаттау, қатысушының тұлғалық әлеуеті мен өзіндік стилін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту. Аталмыш шараға он бір үміткер қатысып, өзара бақ сынасты. Аруларға «Мен қазақтың қызымын», «Қыз еркем – кестесімен көркем», «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді», «Өнер», «Сұлулық сыры» кезеңдері бойынша сахнада өз қабілеттерін көрсету міндеттелді. Өзін-өзі мүлтіксіз таныстырған Алтынжан Жолдымұрат топ жарып алға шықты. Сахнада қолының ине-жіпке икемділігін көрсеткен Айтгүл Қарабаева жиналғандарды шеберлігімен тәнті етті. Жалпы, аруларымыздың барлығы дерлік өнерлі екендерін көрсетті. Түрлі көрпешелері, құрақ көрпелері, әшекей тастармен, бисермен әрленген қолөнер бұйымдары, әсіресе, қылқалам шебері Айжан Мұқашева салған Қанжығалы Бөгенбайдың, алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың бейнесі көпшілік көңілінен шықты.
Ақылы көркіне сай Хусния Холмуратова қойылған сауалдарға тұжырымды жауап беріп, білімділігін танытты. Сондай-ақ, Мәншүктің кейпін сомдап әртістік өнерін де паш етті. Жетім қыздың рөлін нанымды бейнелеген Әлия Исмайылова баршаның жүрегін елжіретті. Қазақтың қара домбырасын нақышына келтіре шертіп, дәстүрлі ән орындаған Айнұр Дүйсен құлақтың құрышын қандырды. Өнерпаздардың бірі әуезді әнімен, бірі мың бұралған биімен елдің ыстық ықыласына бөленді. Көктемнің шуақты күнінде ұйымдастырылған кеште Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері Торғын Әлиева, Сәуле Қалиева, №8 АТК оқытушысы Мадияр Смағұлов нәзік жандылардың өнерін бағалады.
Қорытынды нәтижеде аруларымыз келесідей аталым бойынша: «Әсерлі ару» – Алтынжан Жолдымұрат, «Стильді ару» – Айнұр Дүйсен, «Кербез ару» – Айжан Мұқашева, ал, Бас жүлде – «Ерейментау аруы – 2017» атағын Айтгүл Қарабаева иеленді. Барлық қатысушыларға диплом мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Әлпештеп өсірген ата-анасын, айналадағы адамдарды сыйлай білген қыз бала шаңырағын ардақтайтын қамқор ана болары шүбәсіз. Ендеше, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, ұлтымызды тәрбиелейтін саналы сіңлілеріміз көп болсын демекпіз.

Гүлдана ҚАНАПИЯНОВА.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар