Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бейнең қалды мәңгі орнығып көңілде... - АРҚА АЖАРЫ

Бейнең қалды мәңгі орнығып көңілде…

Мамырдың қоңыр кештерінің бірінде бейтаныс адам телефон шалып, өзін «Мен – Еркебұлан, Хакімтай Әміровтың ұлымын» деп таныстырды. Ойламаған жерден соғылған бұл қоңырау хабары санамды селт еткізіп, жан дүниемді төңкеріп тастағандай болды. Мені Хакімтай ұстазымның соңында қалған тұяғы емес, «Бармысың? Қайда жүрсің?» деп, өзі іздеп жатқандай сезіндім. Ағаның дүниеден озғанына отыз жыл болуына орай, Көкше жерінде ұрпақтары аруаққа арнап дұға оқытып, ас бермекші екен. Ұстаз бейнесі жадымда жаңғырып, толғаныс, тебіреніс, қуаныш құшағына бөлендім. Бөлекше бір күйге түстім.

 

Хакімтай Қасымұлы – менің өмірімде өзіндік үлкен із қалдырған тұлға еді. Мектеп қабырғасындағы шәкірт кезімде де, кәсіби журналистикаға алғаш қадам басқан шағымда да орны ерекше ұстазым болды. Сөз өнеріне, әдебиетке ынтызар болуыма, мамандық таңдауыма бірден-бір ықпал еткен, өмірлік бағыт-бағдарымды айқындап берген сол кісі. Ол 1970 жылы Щучье қаласындағы біз білім алып жүрген қазақ мектеп-интернатына оқу ісінің меңгерушісі болып қызметке келген еді. Әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Біз, 8-сынып оқушылары, бағымызға қарай, Хакімтайдай бірегей ұстазға тап болып, оның телегей теңіз білім мұхитына сүңгідік те кеттік. Оқу бағдарламасында көзделгендей, балалардың жас деңгейіне сәйкес, бұл сыныпта әдебиет сабағының мазмұны тереңдетіліп, кеңейтіліп оқытыла бастайтын, шығарма жазуға машықтандырып, төселдіру де нақтылы жолға қойылатын. Осының бәрі мұғаліміміздің білімі мен педагогтік білігіне сай нәтижелі жүргізілді. Өз ісіне әбден берілген, тәжірибелі ұстаз оқулықтағы материалдармен шектеліп қалмай, факультативтік сабақ өткізіп, қазақ жазушыларының таңдаулы шығармаларымен қатар, орыс классиктерінің туындыларымен де таныс-
тырды, оларды талқылатып, талдатты, сөйтіп өзіндік ой қорытып, пікір түюге үйретті. Бір сыныпта оқыған 29 баланың біразының әдебиетші мамандығын таңдауы бекерден бекер емес еді. Бір таңғаларлығы, тіптен, жаратылыстану пәндерін игеруге икемі мол оқушылардың өздері де әдебиетті өте сүйіп оқыды.
Хакімтай ағаның сабағына барша шәкірттерінің ерекше ынта қоюының басты себебі мен сырын мен кейіннен ұғынып-түсіндім. Ол өзінің терең білімі, сабақ берудегі шебер педагогикалық әдіс-тәсілінен бөлек, адами бітім-болмысы, үлгі-өнеге тұнған туабітті табиғи қасиеттерімен шәкірттерінің жан дүниесін баурап ала білді. Бір сөзбен айтқанда, кімді болсын табындырар тұлға болды. Ал, өз басым ол кісіні идеал тұттым. Менің ұғымымда идеалдық дегеніміз – мінсіздік. Ол шын мәнінде мінсіз адам еді. Көрік-келбеті қандай келісті болса, ішкі болмысы да сондай көркем, сыртқы жаратылысы мен ішкі дүниесі ерекше жарасыммен бір-бірімен үйлесе біткен ғажап жан болатын. Жүріс-тұрысынан, қимыл-қозғалысынан, сөйлеу мәнерінен, адамдармен қарым-қатынасынан бекзаттық, тектілік, зиялылық лебі есіп тұратын.
Сұңғыла ұстаздың бойымдағы әдебиетке деген ерен құштарлықты байқап, бағалағаны ма, әйтеуір шәкірттерінің ішінен маған ерекше ықылас-пейілі түсіп, назары ауды. Осы кезде өлең жаза бастағанмын, шағын мақалаларым да баспасөз беттерінде аракідік шығып жүрді. Осындай талап-талпынысыма қолдау білдіріп, ақыл-кеңесін айтып, үнемі қанаттандырып отыратын. «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған «Достықта жоқ шекара» атты конкурста бірінші орын алғанымда төбесі көкке жеткендей қуанған сәті әлі көз алдымда. Осы ретте, науқастанып дәрігерге қаралып жүргенімді естігенде «әттең, неге осындай жақсы балалар ауырады екен» деп өкініш білдіргені, жаңадан келген мұғалім химия пәнінен тоқсандыққа «төртке» шығарғанда «болашағы бар бала, алтын медальдан үміткер, кедергі болмай, дұрыс бағасын қойып беріңіз» деп маған араша түскені ойға оралады.
 Өкінішке қарай, ол кісіге шәкірт болған бақытты сәттеріміз тым ұзаққа созылмады. Келесі оқу жылының ортасында Хакімтай Қасымұлы облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің Щучье ауданы бо-
йынша меншікті тілшісі қызметіне ауыс-
ты. Бұл тосын «жаңалықты» менің бала көңілім қабылдай алмады, аса бір қымбат дүниесінен айырылып қалғандай боп, жаным жабырқап жүрді. Ол кезде ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас қазіргідей емін-еркін емес, өзгешелеу болатын, мұғалімнің алдында ұялып, именіп, ізеттілік сақтап тұратынбыз. Дегенмен, өзімді-өзім қайрап, бар батылдығымды бойыма жиып, мұғалімдер бөлмесіне кірдім де, арнайы сатып алған блокнотыма тілек жазып беруін өтіндім. Сондағы тілдей блокноттың бетіне түскен Хакімтай мұғалімнің маған арнаған тілегі мынау еді: «Қымбатты шәкіртке ұлағатты ұстаздан. Қиялы қанатты, Білімге талапты, Шәкірті – ұстаздан Шын тілек қалапты. Өнердің шыңына, Ғылымның тыңына Құлаш ұр, жалықпа, Шалдықпа, талықпа! Ағалық тілекпен, Ұстаздық жүректен, Ізгілік күтемін Ойы алғыр түлектен. Көкше баурында. 28 желтоқсан 1971 ж.»
Хакімтай аға жаңа қызметке ауысқанымен, біздің мектеп өмірінен біржола қол үзіп кеткен жоқ. Мектеп бітіру емтиханына комиссия төрағасы ретінде қатысып, әдебиеттен жазған жұмысымызға әділ бағасын берді. Сол жылы көктемде мен оқушылар арасында жарияланған «Менің замандастарым» атты республикалық конкурсқа қатысып, шығарманы өлең түрінде жазған едім. Әдебиет пәнінен сабақ беретін мұғалима Таңсық Жұрынқызы қуанышы қойнына сыймай, өлеңімді Хакімтай ағаға апарып көрсетіп, артық-кем жерін өңдетіп, қырнатып алыпты. Кейін өлеңім белгілі ақын Еркеш Ибраһимнің қолынан өтіп, Алматыға жол тартты. Осы конкурстың арқасында облыстық комсомол комитеті өзім қалаған КазГУ-дың журналистика факультетіне арнайы жолдама берді. Осы жолдаманың септігі тиген де болар, республиканың түкпір-түкпірінен жиналған «жазғыш» балалардың арасынан конкурстан сүрінбей өтіп, студент атандым.
Кейін, кәсіби журналистикаға беттеген өмір жолымда да Хакімтай ағаның жанашырлығын, шапағатын көп көрдім. Университет бітіріп келгеннен кейін жолдама бойынша аудандық газетке баруға тиісті едім. Кеңестік заманда кадр мәселесі облыстық партия комитеті арқылы шешілетін еді ғой, ол жағын қалай келістіргенін білмеймін, сол кезде «Көкшетау правдасы» бас редакторының орынбасары болып қызмет істейтін Хакімтай аға мені облыстық газетке алып қалды. Алғаш жұмысқа тұрған күндері «баратын жерің болмаса, бізге кел, тәтең үйде» деп баласындай бауырына тарта, жылы шырай танытты. «Урицкий, 53, кв. 39» деп мекен-жайын жазып берген бір жапырақ қағаздағы ұстазымның қолтаңбасы, арада қырық шақты жыл өтсе де, еш көмескі тартпай, сарғайып, сартаптанбай, бастапқы қалпында әлі сақтаулы тұр.
Хакімтай Қасымұлы – жалпы тумысынан ұстаз болып жаратылған жан болатын. Облыстық газетке өндірістік практикадан өтуге келгенде редакция қоржынындағы мақаланы қорытудан бастап, өзімнің авторлық материалымды қалай жазу керектігіне дейін үйретті, содан, журналистік қызметке орналасқан соң да алғашқы тәжірибелерімді көз алдында ұстап, тәлімгерлік көрсетіп, бағыттап, бақылап отырды. Ол сол кезде газетте істеген жас журналистердің барлығынан да ағалық қамқорлығын аяған жоқ, білгенін үйретуден де жалықпады.
Жеткіншек шақта шәкірттік сезім әсерімен ол кісіні идеал тұтуым есейген кезімде де өзгермей, бекемдене түскен еді. Хакімтай аға мен үшін адамгершіліктің, тазалықтың, биіктіктің өлшемі, эталоны болып, көңілімнің түкпірінен мәңгілік орын алды. Оның бейнесі мен үшін адамдық қалыптан да биіктеп, тіптен ұғымға айналып кетті. Өмір жолымда кездескен жандарға әлі күнге дейін осы өлшем биігінен қарап, бағалаймын. Баспагерлік қызметімде қазақтың талай атақты ақын-жазушы, ғалым, өнер қайраткерлерімен жүздесіп, аралас-құралас болудың сәті түсті. Бірақ, олардың ешбірін де Хакімтай ұстазыммен теңдестіріп, қатар қоя алмаймын. Бұл – оларды аласартып, ұстазымды аспандату емес, бұл – бала кезімнен көкейіме ұялаған идеал бейненің әсері болар, сірә.
 Қымбатты ұстазым, маған артқан сеніміңізді, үмітіңізді ақтай алдым ба, жоқ па, білмеймін. Алайда, ақырын жүріп, анық басқан өзіңіз сияқты қазақтың баспа ісіне, кітап мәдениетіне өмірімді арнап, үлкен жауапкершілікпен, адал қызмет етіп келемін.  
Хакімтай Қасымұлын қадір тұтып, қастерлеген жандар барда оның жарқын бейнесі жылжыған жылдар тасасында қалмасы, ұмытылмасы анық. Қайта сәт сайын жаңғырып, туған-туыстарына, шәкірттеріне, қызметтестеріне, оны білген адамдардың бәріне шамшырақтай жол нұсқап, демеп, желеп жүрері хақ. Пейіште нұрыңыз шалқысын, қадірлі ұстаз, үлкен жүректі жан! Бойыңызға туа біткен адамгершілік, кісілік қасиеттеріңіз, ақыл-парасатыңыз ұрпақтарыңыз арқылы жалғасын тауып, баршаға шуағын шаша берсін.
 Балжан ХАБДИНА,
баспа және полиграфия
 ісінің қайраткері.
Алматы.

Суретте: солға қарай Көкшетау облыстық «Степной маяк» газетінің редакторы Рауф Ақбердин, жазушы Естай Мырзахметов және облыстық «Көкшетау правдасы» газеті редакторының орынбасары Хакімтай Әміров (1980 жылдардың орта тұсы); ұстаздың шәкіртінде сақталған қолтаңбасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар