Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлік қолдау табуда - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлік қолдау табуда

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовпен кездесіп, аймақтағы бизнестің өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында облыс әкімі бүгінгі таңда өңірде шағын және орта бизнестің 42 мыңнан астам нысаны бар екендігін, онда 128 мыңға жуық адам жұмыс істейтіндігін, бұл көрсеткіш облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының отыз пайызы екендігін айтып өтті. Сондай-ақ, Мәлік Мырзалин 2017 жылы облыста қаржыландырудың әртүрлі көздерінен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде шағын және орта бизнеске 7,4 миллиард теңге бөлінгендігіне тоқталды.
–Таяуда Мемлекет басшысы облыс активімен кездескен кезінде шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты бірнеше міндеттерді белгілеп берген болатын. Біз осы бағытта жұмыс істеудеміз. Кәсіпкерліктің кең қанат жаюына қолдау көрсете отырып, өңірдің өңін жақсартып, аймақтың дамуына серпін беретін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне де көңіл аударудамыз, – деді облыс әкімі.
Б.Палымбетов өз кезегінде облыстағы бизнесті дамытуға әріптес болуға да-йын екендігін жеткізді. Ол сондай-ақ, өңір басшысына жергілікті бизнес қауымдастығының жерге қатысты және әкімшілік кедергілер тәрізді ішінара кейбір проблемалары бар екендігіне тоқталды.  
Кездесу соңында тараптар аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту барысында белсенді әріптес болуға уағдаласты. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар