Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қызғалдақ ғұмыр солмасыншы! - АРҚА АЖАРЫ

Қызғалдақ ғұмыр солмасыншы!

Шатұр-шұтыр еткен найзағай жарқылынан қорыққан Гүлайым қалың көрпенің астында жатса да, басын жауып қымтана түскен. Ешкімді көргісі жоқ. Әншейінде түн қараңғысынан қорқатын. Дәл қазір қараңғылықтан пана тапқандай. Өз-өзінен солқылдап жылай бастады.

Ақ жауынның моншақтарындай төгілген жас тамшылары, кермек жас құс жастыққа сіңіп жатыр. Апасы көрсе, «Әй патшағар, жамандық шақырып жеті түнде жылағаның не», – деп жекіп тастар еді. «Апамның бетіне енді қалай қараймын? Өзімді қойшы анамды қара бет қылдым-ау» деді ықылық ата. Өз дауысы өзіне жарықшақтана, қарлыңқы, шыңырау түбінен естілгендей еміс-еміс үзіліп жетті. Бәлкім өзі емес, жүрегі сөйлеп жатыр ма, кім білсін!..
…Гүлайымның туған әжесі тегін адам емес еді. Әжесі үнемі ұлттық киім киіп, үстінен кимешегін тастамай өтті. Бес уақыт намазын да қаза етпеген. «Біздің тұқымға қиянат жасаған адамның жолы болмайды, өзің де адал бол, қиястық қияметке бармайды» дегенді үнемі айтып отыратын. «Түс көрсең оны ешкімге айтпа, Алланың берген аяны болуы мүмкін» дейтін қарт әжесі. Гүлайым тұрмыс құрмай тұрып, бір түс көрген. «Түс түлкінің боғы » деді де, жастығы ғой аса мән бермеді. Қас қылғандай, енді көзін жұмса болды сол көрініс көз алдында көлбеңдей беретіні бар. Түсінде көргені өзі дүниеге келген Бурабай тауы. Жазбай таныды. Көкшенің көктемі әдемі ғой шіркін. Әсіресе, бұла Бурабайдың табиғатына ғашық болмау мүмкін бе?! Гүлайымда сол топырақтан нәр алып, жұмақ жердің киесін жастайынан санасына сіңіріп өскен. Көктем туа, қыраттың құшағы қызғалдаққа тұнып тұрады… Қызылды-жасылды үлбіреген жапырақты әдемі гүлдер. Қос бұрымы желбіреп, қызғалдақтарды жүгіре жүріп құшырлана иіскеп, теріп өзі де күндей нұрлы әдемі бойжеткен сол қыраттың бөктерінде жүр. Алаңсыз-қамсыз. Үстіндегі бүрмелі көйлегі, қызыл бешпенті, үкілі тақиясы қандай жарасымды дерсің. Сона-ау зау көктен қарасаң, өзі де қырдағы қызғалдақтың біріне ұқсайды. Аппақ нұрға шомылған ақ жүзі жылулыққа ғана тұнып тұрғандай. Самал жел ақырын бұрымынан иіскеді. Ол таудың ұшар биігіне шыққысы келген. Өкпек желдің өтінде қаламын деген ой жоқ. Самал жел ғана басынан сипаған бала долы желдің екпінін қайдан білсін?! Нәзік қолдары дір-дір етіп, тауға шығамын деп талпынған. Бәлкім шығар ма еді, самал жел бұрымымен ойнап, шың басындағы қарағайдың бұтағына ілектіріп әкетті. Ол сонда бірінші рет соққының ауыр болатынын түсінген. «Бұрымынан ұстап ап, лақтырған» сойқан күштің соққысынан шошып оянғаны есінде.  
«Алла аян берген ғой» деді сыбырлап. Түйе жүн көрпе ауа жібермейді, қымтанып жатқаннан маңдайы шып-шып терлей бастады. Тынысы тарылып кеткен. «Ауылға бармаймын. Қайтып келген қыз жаман дегізбеймін. Оған да бармаймын», – деді күмбірлеп. Жұмыртқадай аппақ бетін мойылдай қара көзінен үзіліп, моншақтап аққан көз жасы қуып жатыр. Жанымен, жүрегімен сүйген жан жарының отбасын құрғаннан кейін осылай адам танымастай өзгеретінін білді ме ол. Аптал азаматым деп сеніп, ордалы оқу орнын да тәмамдамай сүйген жігітінің соңынан еріп, шаңырақ көтерді. Бурабайдың қызы екендігі кескін-келбетінен-ақ аңғарылатын сұлу қызға қызықпайтындар кемде-кем еді. Айдай сұлу ажарын айтпағанда, бойынан иман нұры төгіліп тұратын адами жылулығы, мақпалдай мінезін айтсаңызшы! Отбасын құрғаннан кейін, жолдасы қызғаныштың кесірінен Гүлайымға түрлі себептерді желеу етіп, қол жұмсай бастады. Бір емес, екі емес жұрт көзінше көгала қойдай сойып, қорлайтынды шығарды. «Бәріне де төзіп бағамын. Кетпеймін. Сүйегім келін боп түскен шаңырақтан шығады» деп жан жарының тепкісінің астында жатса да кетпеді. Ауылдағы қарт ата-анасына да тіс жарып айтпаған. Қайын енесі де ерке баласын ақылға шақырмады.
«Сұлулығым үшін кінәлі болғаным ғой. Көзім көгерген, жағым іскен. «Хас сұлудың» өзі болдым». Соңғы сөзін ащы запыранға толы уытты зілмен айтты. Өз-өзін мысқылдай ма, әлде маңдайына жазған тағдырына налығаны ма кім білсін.
Түніменен құйған ақ жаңбыр таң ата басылды. Терезеден мұңайып қараған ай сәулесі Гүлайымның аққұба жүзін аймалап жатыр. – Шашымды кесіп тастады. Пышақпен. Жауыз! Сәби кезімнен әжем қайшы тигізбей өсіріп еді. Елге енді қалай барамын. Бармаймын! Елге де оған да,– деп тағы да солқылдап жылай жөнелді. Соңғы сөздерін шегелеп, ақырын қайталай берді. Жүрегі айнып, басы айналып далаға оқтай атылды. Жүрегінде тағы бір жүрек гүлі бүр жарғанын ол әлі сезбеген еді!..

Р.S. Асқар таудың саясында желкілдеп өскен қызғалдақ ғұмыр солмасыншы! Қыз жүрегін аялаңыздар. Себебі, қыз жүрегінде – ғұмыр жатыр…

Ұлмекен Шаменова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар