Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білген көптік етпейді - АРҚА АЖАРЫ

Білген көптік етпейді

Аудандық сот судьялары мен прокуратура қызметкерлері ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы рәсімдеу мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Шараға сот және прокуратура қызметкерлерімен бірге, аудандық ішкі істер бөлімінің, мемлекеттік кірістер басқармасы мен аудан әкімдігінің, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, сонымен бірге, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері қатысты. Ата Заңымызға енгізілген өзгерістерге сай Президент құзыретінің бір бөлігі Парламент пен Үкіметке берілді. Осы орайда, аудан прокуроры Айдын Әділов Конституциядағы өзгерістерді талдауға арналған баяндама жасады. Аудандық соттың төрайымы Халима Кенбаева әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы рәсімдеу жөніндегі заңнама талаптары туралы әңгімеледі.  Дөңгелек үстелге қатысушылар күн тәртібінде қаралған мәселелерге орай өз ой-пікірлерімен бөлісті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар