Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Диқандар құлшынысы мол өнімнен үміттендіреді - АРҚА АЖАРЫ

Диқандар құлшынысы мол өнімнен үміттендіреді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен  Күсеп ауылдық  округіне қарасты «Грин Азия» және «Дихан плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің егістік алқаптарында болған республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері диқан қауымының мол өнім жолындағы дүбірлі аттанысына куә болып оралды.

 

Раздольное ауылындағы «Грин Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінгі таңда аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірінен саналады. Егіншілікпен айналысатын серіктестік ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосуда.  Ауыл тұрғындарының дені осы шаруашылықта еңбек етеді.  Ылғал сақтағыш технология мен қазіргі заманғы озық тәжірибе, қуатты техниканы тиімді пайдаланудың арқасында жыл сайын егін бітік шығып,  астық түсімі арта түсуде. Былтырғы жылы серіктестік диқандары әр гектардан 15 центнерден астық жинады. Серіктестік басшысы Олег Ханның айтуына
қарағанда,  биылғы жылы барлығы 10 мыңға жуық гектар жерге тұқым себу жоспарланып отыр. Дені бидай мен майлы дақылдар.
– Қазіргі кезде  егістік алқаптың 20 пайызға жуығына дән сіңірілді. Серіктестік қаржыландыру,  жанар-жағармай мәселесін де алдын ала шешіп қойған. Ішінара қиындықтар да жоқ емес. Осыған дейін «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» және «Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы несие алған едік. Қазір жағдай өзгерді. Бұл бізге біраз қиындық туғызуда, – деді Олег Хан журналистерге берген сұхбатында.
Серіктестік диқандары дән егу жұмыстарын 10-шы мамырда бастап,  бас-аяғы екі аптаның ішінде аяқтамақ. Бұған олардың мүмкіндіктері жеткілікті. Оны егіс алқаптарында немістің «Кейс» және «Амазони кондор», «Флекси Коил» тәрізді қазіргі заманғы егіс кешендерінің жоғары қарқынынан тануға болады.
Танап басында озат механизатор Руслан Сонгинді сөзге тартқан едік. Механизатор бір ауысымда 100 гектар танапты игере алады екен.  Осы жерде аудан әкімінің орынбасары Ербол Жүсіпбековті кездестіріп, аудан бойынша өрістетілген көктемгі дала жұмыстарының жайын сұрап білдік.
– Біздің аудан аграрлы облыстың ырысты өңірлерінің бірі. Соңғы бірнеше жыл бойы алдыңғы лектен көрінудеміз.  Былтырғы жылы аудан диқандары әр гектарынан 15 центнерден астық алып, облыста көш бастады. Биыл 231,1 мың гектар егістік алқапқа астық дақылдары себіледі. Оның ішінде 166,2 мың гектары дәнді және бұршақ дақылдары, 99,7 мың гектары бидай, 50 мың гектары майлы дақылдар. Оған қоса, мал азығына қажетті 13,3 мың гектар шөп егу жоспарланған. Сондай-ақ, 1700 гектарға картоп, 400 гектарға көкөніс отырғызылмақ. Аудан бойынша науқанды ойдағыдай өткізу үшін 21,8 мың тонна тұқым әзірленді. Оның 92 пайызы 1-2 сұрыпты. Жанар-жағармай мәселесі де шешілген. Қажетті 3454 тонна жанар-жағармай толығымен жеткізілді. Егіннің шығымдылығы мен науқанды дер кезінде ойдағыдай өткізу көбіне техникаға байланысты екені сөзсіз. Жыл басынан бері 239,1 миллион теңгеге барлығы 22 бірлік су жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды,–дейді Ербол Жүсіпбеков.
Ауданда нарықтың сынынан сүрінбей өткен іргелі шаруашылықтар аз емес. Олардың арасынан Куропаткино ауылындағы «Дихан плюс» тәрізді жауапкершілігі шектеулі серіктестікті атап өтуге болады. Александр Барамидзе жетекшілік ететін серіктестік бұрын әр гектардан 11-13 центнерден астық жинап келсе, соңғы жылдары жер өңдеудің қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану, тұқым сапасын жетілдіру шараларын іске асырып, озық үлгідегі техникаларды пайдаланудың арқасында гектардың берекесін 20-22 центнерге жеткізді.
«Атамекен Агро» холдингінің құрамына енетін серіктестіктің 45 мың гектар жері болса, оның 23 мың гектары егістік алқап. Шаруашылықта 170 адам еңбек етеді. Олардың орташа айлығы 110 мың теңге көлемінде. Серіктестіктің машина-трактор паркі қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталған.  Мұнда кеңестік дәуірдегі көнетоз техникалардың біреуін де көрмейсің. Ауылдағы əлеуметтік мəселелердің барлығы осы шаруашылықтың көмегінің арқасында шешілуде. Осының арқасында ауыл тұрғындарының да жағдайы уақыт өткен сайын жақсара түсуде. Оған ауылда бірде-бір жұмыссыз жүрген адамның жоқтығынан анық көз жеткізуге болады.
Алдағы уақытта Александр Барамидзе мал шаруашылығын, оның ішінде ірі қара өсіруді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде серіктестіктің 170 жылқысы бар. Даладағы еңбек дүбірінің қарқыны қуатты. Осы лептен танбаса, танап берекелі болмақ.

Аслан Оспанов.

Зеренді ауданы.
Суретте: озат механизатор Руслан Сонгин.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар