Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Діни мәселелер – басты назарда - АРҚА АЖАРЫ

Діни мәселелер – басты назарда

Облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-әрекет» тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Болат Қасеновтың айтуынша, бүгінгі күні облысымыздың аумағында 219 тіркеліп жұмыс істеп жатқан діни бірлестіктер болса, олардың 122-сі ислам дінін ұстанушылар,  43 православие, 11 католик және 42 протестанттық ағымдардың өкілдері бар. Оған қоса, дәстүрлі емес «Бахай» ағымын ұстанатын бір бірлестік жұмыс істейді. 10  евангелие-баптистік ағым өкілдері заңды тіркелусіз қызметін жалғастыруда. Оларға қарсы заң шеңберінде ескертулер жасалып, әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.
Облысымыздың аумағында бүгінгі күні 52 миссионер жұмыс жүргізіп жатыр екен. Олардың 29-ы католик дінінің уағызшылары болса,  17-сі православие,  6-уы  протестанттық ағымдарды насихаттаушылар. Экстремистік пиғылдағы сәлафи ағымының өкілдері де өкінішке орай облысымызда белсенді насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан жайы бар. 2016-2017 жылдары сәлафи ағымын уағыздап жүрген үш адам анықталып, олардың үстінен іс қозғалды. Ал, биылғы жылдың басында облысымыздан бір әйелдің Сирияға барған оқиғасы анықталды. Ол ғаламтор арқылы ондағы «ғажайып» өмір жайында ақпарат алып, сонда барған. Қазір құқық органдары бұл іспен айналысып жатыр.
Басқарма тарапынан жастардың теріс ағымдардың ықпалына түсуіне жол бермеу бағытында мақсатты жұмыстар атқарылуда. Ең алдымен, БАҚ және ғаламтор арқылы теріс ағымдардың тигізетін зардабы жайында ақпараттық түсіндіру жұмыстарына жете көңіл бөлінеді. Осы орайда, бұл бағыттағы насихат жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, оған 7,6 миллион теңге қаржы бөлінген. Ақпарат құралдарында дін басқармасының және оның жанынан құрылған дінаралық қатынасты талдау және дамыту орталығының мамандары дін тақырыбында үнемі мақалалар жариялап, жергілікті телеканалдан хабарлар өткізіп тұрады. Облысымызда Қ.Алшымбаев, Н.Бақбасаров, Р.Садуов сияқты ислам дінін жетік білетін теологтар жұмыс істейді.
Жоғарыда аталғандай, осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде өңірімізде әзірге экстремистік немесе лаңкестік әрекеттер орын алған жоқ. Десе де, «сақтықта қорлық жоқ» демекші, бұл бағыттағы жұмыстарды ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды. Дөңгелек үстел басындағы әңгіменің негізгі түйіні де осыған тірелді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар