Облыстық дін істері басқармасының жанындағы конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығының маманы, теолог Тоқсанбай Шәріпов Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусының курсанттарымен кездесіп, әңгіме өткізді.
Соңғы кезде белең алып кеткен экстремистік пиғылдағы жат ағымдардың қармағына жастардың көптеп түсіп жатуының басты себебі – олардың діни сауаттылығының төмендігінде екендігі белгілі. Осы орайда, дін саласының білікті маманының оқу орнына келіп, жастармен кездесуі болашақ әскери қызметшілердің дінге қатысты көп құнды ақпараттар алуына игі әсерін тигізді. Бұл кездесу барысында анық байқалды. Курсанттар теологқа көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарын қойып, толымды жауап алды. Ашық пікір алысу түрінде өткен кездесу екі тарап үшін де пайдалы болды деп айтуға болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.