Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдің алғысын алған - АРҚА АЖАРЫ

Елдің алғысын алған

 

Бозайғыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория іргелес жатқан Ключи және Төңкеріс елді мекендерін қоса алғанда, жалпы саны төрт мыңға жуық адамға медициналық қызмет көрсетеді.

 

Қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықталған дәрігерлік
амбулаторияда қашан барсаң да дертіне дауа іздеген адамдар қарасы үзілмейді. Ұжымда техникалық қызметкерлерді қоса есептегенде 27 адам еңбек етеді. Үш жоғары білімді дәрігер және екі керуеттік күндізгі стационар бар. Терапевт, тіс дәрігері және хирург мамандар қашанда басы ауырып, балтыры сыздағандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге әзір.
Оған қоса,  мұнда  аяғы ауыр әйелдердің денсаулығы да  дәрігерлік кеңес беруден бас-тап, жіті қадағаланып отырады. Осы орайда, акушер-медбике Ләйлә Жұманованың қолы жеңіл деп мақтайды ауылдастары. Уақытпен санаспай, қажет болған жағдайда көмек көрсетуге әзір тұратын ақ халатты абзал жанға ауыл тұрғындарының айтар алғысы шексіз.
Аслан ОСПАНОВ.
Суретте: акушер-медбике Ләйлә Жұманова.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар