Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мұғалімдер білімін жетілдірудеміз - АРҚА АЖАРЫ

Мұғалімдер білімін жетілдірудеміз

Елбасымыз биылғы Жолдауын халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жазбаша түрде жолдағандығы белгілі. Жолдауда еліміздің үшінші жаңғыруына  қадам басып отырғанымыз айтыла келе, ертеңгі болашақ үшін жасалып жатқан қадамдар  сала-сала бойынша нақты көрсетіліп берілді. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің санатына қосылуы тиіс. Біз осы мақсатқа қарай ілгерілеудеміз.

 

Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі қарастырылуда.  Қазақстан Рес-публикасы Үкіметінің 2011-2020 жылдары білім беруді дамыту бағдарламасы негізінде білім саласы мазмұнының өзгеруіне байланысты «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты арнайы курс-
тар өткізуді жалғастыруда.  Атап айтқанда, 2017 жылы  білім беру мазмұнын жаңарту аясында  2365 мұғалімнің, робототехника бойынша 120 мұғалімнің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, биыл үш тілді оқу бағытында  да мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын өткізбекпіз.
Еліміздің көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Ал, осы ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беретін мұғалімдер екені белгілі. Қазіргі білім беру саласындағы өзекті мәселе  –  әлеуметтік     педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан және білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра  алатын  мұғалімдерді қайта даярлау болып табылады.  Осы міндетті жүзеге асыру бағытында біздің институт  мақсатты жұмыс жүргізіп келеді.
Ең алдымен, ұстаздар балаларға жаңа ғасырда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар алып, еліне, халқына қызмет етулеріне жағдай жасауы тиіс. Осы мақсатта оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды енгізу қазіргі кезде әр мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Болашақта бізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай білетін, әртүрлі жағдайларға қарай бейімделіп, шұғыл шешімдер қабылдай алатын, шығармашыл,  белсенді, үш тілді еркін меңгерген   тұлғалар қажет. Оқытуда тек жалаң білім берумен ғана шектелмей, баланың жеке қасиеттерін, қабілеттерін дамыта отырып оқытуға ұмтылу керек.
Мұғалімге алдындағы оқушылардың санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, зерттеп, өзі де жұмысын өзгерте отырып, оны үйлестіре білуі өте қажет қасиет. Міне, біздің институт ұстаздардың осындай талап деңгейінен көрінулеріне жағдай жасауды басты мақсат етіп ұстанады.
Білім саласындағы қолданыстағы жаңартылған бағдарламаны біз  жүйелеп, өз тараптарымыздан облыстың барлық аудан, қалаларынан  кезең-кезеңмен келіп оқып жатқан мұғалімдердің біліктіліктерін жетілдіруге, уақыт талабына сай жұмыстарын қайта құруға бағыттаймыз. Курсаралық кезеңде  аудандарға шығып, көшпелі сабақтар, әдістемелік десант, оқыту семинарларын өткізіп тұрамыз.  Аталған жұмыстардың барысында бұл үдерістің екі жаққа да пайдалы болғанын аңғардық.
Институт жұмысының негізгі бағыттарының бірі – ғылыми-зерттеушілік жұмыс.  2016 жылы Бурабай ауданы «Мирас» орта  мектебі базасында  «Lesson study» технологиясын пайдалану арқылы оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру»,  Көкшетау қаласындағы психикалық дамуы тежелген және зияткерлік бұзылушылығы бар балаларға арналған №1 арнайы түзету мектеп-интернаты  мұғалімдерінің қатысуымен  «Зияткерлік бұзылушылығы бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің когнитивті-өнімдік педагогикалық технологиясы» эксперименттері аяқталды. Ал, 2017 жылы «Кооперативті оқыту – біліктілікті арттырудың инновациялық моделі», «М.Монтессори жүйесі бойынша мектепке дейінгі жастағы балаларды ерте дамыту», «CLIL әдістері арқылы «Көптілділік» бағдарламасын жүзеге асыру» эксперименттері өз жалғасын табатын болады.

Еркін ИСІМБАЕВ,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақмола
облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар