Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өндірістегі тосын оқиғалар азайды - АРҚА АЖАРЫ

Өндірістегі тосын оқиғалар азайды

 

Өндірісте орын алатын апаттардан қанша адамдар денсаулықтарынан айырылып, мүгедек болып, тіпті, өмірлерімен қоштасып жататын жайлар аз кездеспейді.

 

Өндірісте орын алып жататын  бақытсыз оқиғалардың салдарын жойғаннан гөрі, оның алдын алудың тиімді болатыны айтпаса да түсінікті. Осы орайда, еңбек инспекциясы өндірістік апаттарға жол бермеу жөніндегі үгіт-насихат жұмыстарына жете көңіл бөліп келеді.
Тек өткен жылы ғана инспекция мамандары жер-жерде болып, өндіріс ұжымдарымен  120 семинарлар мен сабақтар өткізіпті. Бұл шаралар үш мыңнан астам адамды қамтыған. Сонымен бірге, ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, жергілікті теледидардан арнайы хабарлар беріліп тұрады.
Облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Дүйсенбек Баймұсыновтың айтуынша, осы бағытта жүргізілген насихат жұмыстарының нәтижесінде өндірісте кездесетін бақытсыз оқиғалар саны жыл санап азайып келеді. Мәселен,  2014 жылы осындай 18 оқиға орын алса, 2015 жылы – 17, ал,  2016  жылы – 12 оқиға болған. Биылғы жылдың басынан бері  өндіріс апаттары орын алған жоқ.
Көкшетау және Степногорск қалаларындағы оқу-кеңес беру орталықтарында өндіріс орындарының басшылары мен техника қауіпсіздігіне жауап беретін мамандары арнайы оқу курстарынан өтіп тұрады. Бұл да өндірістік апаттардың алдын алуға айтарлықтай ықпалын тигізуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар