Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Су тасқынының салдарын жою жұмысы жүргізілуде - АРҚА АЖАРЫ

Су тасқынының салдарын жою жұмысы жүргізілуде

 

Биылғы жылдың көктемінде облыс аумағындағы 119 елді мекенде 23251 адам тұратын 5901 үй су тасқынына тап болды.

 

Ең қиын жағдай Атбасар қаласы мен Сандықтау ауданында орын алды. Су алуы мүмкін аумақтарда қолданылған шаралардың арқасында 4921 үйлі 84 елді мекен құтқарылды. Елді мекендердегі 34 мәрте орын алған су тасқынында 839 үйді су алып, 3010 тұрғын көшірілді, 7258 бастан астам мал қауіпсіз аумаққа шығарылды. Су тасқынынан тиімді қорғау мақсатында, сондай-ақ, облыс аумағындағы әртүрлі су алу мүмкіндігінің алдын алу үшін ұзындығы 33879 метр уақытша бөгет тұрғызылды, инертті материалдар салынған 170539 қап қаланды, 497806 текше метр еріген су сорылды. Мұз кептелісін болдырмау мақсатында Астрахан, Атбасар, Бұланды, Сандықтау, Целиноград және Шортанды аудандарындағы өзендердің мұзын ұсақтау үшін жару жұмысы жүргізілді. Бүгінгі таңда тұрғын үй мәселесін шешу бағытында бірқатар жұмыс атқарылды.
Атбасар ауданы
650-ден астам нысан зерттеліп, 467 тұрғын үй апатты жағдайда деп танылды. 36 үй құлап қалған. 168 үйді жөндеу қажет. Шығын сомасы 165 миллион теңгені құрайды. Төтенше жағдайлар салдарын жоюға қажетті болжамды сома 6 076,6 миллион теңге. 45 пәтерлік 12 тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға 41,199 миллион теңге қарастырылуда. Жобаны «Горсельпроект» серіктестігі жасайды. Жоба сараптамадан биылғы жылдың 18 маусымында өткізіледі. 45 пәтерлік 12 тұрғын үй құрылысының болжамды бағасы 3960 миллион теңгені құрайды. Жайлы 45 пәтерлік бір тұрғын үйдің жалпы алаңы 2352 шаршы метр. Бір шаршы метрінің құны 140 мың теңге. Биылғы жылдың 16 мамырында бюджеттік өтінім берілді.
Сандықтау ауданы
252 тұрғын үй зерттелді. Қайтадан қалпына келтіруге келмейтін 39 үй апатты жағдайда деп танылды. 213 үй бо-йынша сараптау комиссиясының бағасы күтілуде. Шығын сомасы 70 миллион теңгені құрайды. Биылғы жылдың 19 мамырында 240 отбасын қолдау шараларына 28 миллион теңге мөлшерінде бюджеттік өтінім берілді.
Целиноград ауданы
Аудан аумағындағы биылғы су тасқыны кезінде Семеновка селосы қатты зардап шекті. 28 тұрғын үйді су алды. Оның ішінде екі үй апатты жағдайда деп танылды. Бір үйдің іргетасын қалпына келтіру, өзге 25 үйді жөндеуден өткізу қажет. Барлық үйдің комиссиялық зерттеу және ақау актілері бар. Бүгінгі таңда шығын сомасы есептелуде. Бюджеттік өтінім берілген жоқ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар