Жүлдемен оралды
Жарыс жаттығу мұнарасына сатымен көтерілу және жүз метрлік қашықтықта кедергілер арқылы жүгіру бағдарламасы бойынша екі кезеңмен өтті. Сайыста Қазақстан әйелдер құрамасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Атап өтерлігі, команда құрамында Щучинск қаласының 25-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы, азаматтық қорғау қызметінің кіші сержанты Анастасия Астафьева өнер көрсетті. Бала кезінен спортты серік еткен ол көркем гимнастикамен, туристік көпсайыспен айналысқан. Анастасия биылғы жылдың ақпан айында өткен республикалық жарыста сатыға көтерілу сайысында еліміздің чемпионы атанған еді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.