Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бағың жансын, жас түлек! - АРҚА АЖАРЫ

Бағың жансын, жас түлек!

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңы сұлулықтың сиқырлы әлеміне шомып тұрғандай! Күні кеше ғана ақ бантигі желбіреген оқушы қыздардың бүгінде бой түзеп бойжеткендігі байқалады.

  Енді міне, өмірдің жаңа баспалдағына қадам басқалы тұрған, қуаныш пен тәтті мұңға толы осы бір сәтте соңғы қоңырау салтанатына жиналған барша қауым түлектерге шын тілеулес. Шат-шадыман шаттыққа толы  күлкі, ұстаздардың жайдары жүздері, шалқыған әуен жүректерді тербетіп, көңілдерді сөз жеткізгісіз жылулыққа бөледі.     
Көкшетау қаласының әкімі Ермек
Маржықпаев салтанатты жиынға қатысып, жиналғандарға өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді  және мектеп қабырғасында көптеген халықаралық, республикалық, облыстық білім сайыстарында үздік танылып жүрген 10 түлектің ата-анасына Алғыс хаттар табыс етті. Ағымдағы оқу жылында  қала бойынша 838  оқушы орта мектепті бітіргелі отыр. Солардың бірі – Көкшетау қаласындағы №17 орта мектептің түлегі Гүлханым Әсембекқызы да толқыныс үстінде:    
– Алдағы басты мақсатымыз, жылдар бойы біздерге сапалы білім, саналы тәрбие берген ұлағатты ұстаздар мен ата-аналарымыздың үміттерін ақтап, қалаған мамандық иесі атанып, еліміздің өнегелі  азаматтары болып қалыптасу. Өз басым ішкі істер саласының қызметкері болып, еліме адал қызмет сіңірсем деймін. Осы орайда өзім оқып, білім алған №17 орта мектептің ұжымына, бала көңілін көзінен ұғатын, мейірімді, ақыл-парасаты зор сынып жетекшім Әйгерім Баратайқызына ыстық ықыласқа толы алғысымды жеткізсем деп едім, – дейді.
Мектеп қабырғасын аттағалы отырған бүлдіршіндер де өз өнерлерін ортаға салып, аға-әпкелеріне бірі балғын жүректерінен жыр арнаса, енді бірі би билеп  мерекелік шараның шырайын аша түсті. Міне, кезекті оқу жылы да аяқталды. Мектеп ұясынан мыңдаған қарлығаш қанат қақты. Өмір көгінде білім қанаты талмасын. Соңғы қоңырау салтанатында  алаңды айнала билеген мектеп түлектерімен бірге аспанда көңіл құсы да шарықтады. Ілесіп сол көңілмен  қазақтың даласында білімнің шуақ нұры себезгілеп тұр!..

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар