Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Партия белсенділері өңірлерде болды - АРҚА АЖАРЫ

Партия белсенділері өңірлерде болды

 

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов бастаған ақпараттық-насихат тобының мүшелері халыққа Елбасының биылғы Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы айтып беру мақсатында Есіл, Жақсы, Шортанды және Целиноград аудандарында болып, бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

 

Бұл кездесулерге сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Берген Беспалинов, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығының жетекшісі Әлібек Баймағамбетов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, юриспруденция магистрі Жәрдембек Шаймардан және партияның облыстық филиалының басқада жауапты қызметкерлері қатысты. Облыстық партия филиалының үгіт-насихат тобы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ мүшелері аудандарды аралап, ұжымдармен кездесулер өткізді, Елбасының бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттер мен мақсаттарды талқылады. Есіл ауданында болған нұротандықтар әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандарды аралап, №2 Есіл балалар үйінде болды.
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Бекмағамбетов Елбасы Жолдауы жайында баяндама жасап оқып, қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, толыққанды түсінік берді. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жайында баяндады. Сонымен қатар, барлық топ мүшелерінің баяндамалары тыңдалып, тақырыптық бейнесюжеттер көрсетілді.
Аудандарға жұмыс сапары барысында ақпараттық-насихат тобы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мобильдік тобының мүшелері жергілікті жерлерде салынып жатқан әлеуметтік маңызы зор нысандардың құрылысымен танысып, оң бағаларын берді және бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таба беретіндігіне сенім білдірді.
Динара ДҮЙСЕН,
«Нұр Отан» партиясы облыстық
филиалының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар