Тәуелсіздік алаңында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Астанаға аттанып бара жатқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5510 әскери бөлімінің жауынгерлерін салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.
Халықаралық көрмедегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау міндетін атқару еліміз бойынша Қарағанды, Теміртау және Көкшетау қалаларында орналасқан әскери бөлімдердің жауынгерлеріне жүктеліп отыр. 5510 әскери бөлімінен Астанаға 125 жауынгер аттанды.
Әскери бөлім командирі, подполковник Руслан Темірханов саяси, дене тәрбиесі дайындығында үздіктер қатарынан көрініп жүрген бөлім жауынгерлерінің облыс, қала аумағында өтетін түрлі шараларға белсене қатысатынын, халықаралық көрмені өткізу барысындағы өздеріне жүктеліп отырған міндетті де абыроймен орындайтындығын айтты. Облыстық жас-
тар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ринат Галлямов, облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы, полковник Жанат Ережепов, облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы Серік Баймұқанов Елордаға аттанып бара жатқан жауынгерлерге сәт сапар тілеп, игі тілектерін білдірді. Өз кезегінде Астанаға баратын сарбаздардың атынан батальон командирі, майор Медет Ертайлақов өздеріне жүктелген міндетті абыроймен орындайтындықтарына сендірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.