Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күре жол бойы көрікті, қызмет сапасы жоғары болуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Күре жол бойы көрікті, қызмет сапасы жоғары болуы тиіс

 

Жексенбі күні өңір басшысы аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары  және «Қазавтожол» ҰК» акционерлік қоғамының өкілдерімен бірге Астана-Щучинск бағытындағы автомагистральдің бойында орналасқан бизнес нысандарының жай-күйімен танысты.

 

Ұзын-ырғасы алты сағатқа созылған сапар барысында Мәлік Мырзалин тамақтандыру және сауда, жанар-жағармай құю, техникалық қызмет көрсету станциялары, кемпингтердің жағдайымен танысып, ақпараттық стендтердің көркемділігі және сауаттылығына жіті назар аударды.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі жол бойындағы бизнес нысандарының өкілдерімен жүздесті. Кездесу барысында өңір басшысы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуі кезінде жол бойындағы қызмет көрсету орталықтарының қызметінің мінсіз болуы керектігіне назар аударды. Қазіргі күні Ақмола облысы отандық және шетелдік туристерді қабылдауға қызу әзірленуде. Щучинск-Бурабай курортты аймағының мол мүмкіндігіне орай, келетін меймандардың негізгі бөлігі Ақкөл, Шортанды, Бұланды және Бурабай аудандары аумағындағы күре жолды басып өтеді. Осыған орай, аудан әкімдері мен жекелеген сала басшыларына санитарлық жай мен эстетикалық сәулетке, жол бойындағы қызмет көрсету орындарының өрт қауіпсіздігін сақтауына, қосымша телімдерді көгалдандырып, тазарту, ақпараттық стендтерді орналастыру мәселелеріне айрықша назар аудару керектігін ескертті. Сондай-ақ, Мәлік Мырзалин ұялы байланыс операторларымен бірлесе отырып жедел байланыстың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуін тапсырды. Әр қызметтің барынша сапалы болуы да аса маңызды.
Облыс әкімі туристік қызмет көрсетудің өңір экономикасына қосатын үлесі туралы қадап айта келе, жергілікті кәсіпкерлердің өз бизнестерін дамытып, ортақ іске қомақты үлес қосып, осы шаруаны көрме өткен соң да жалғастыра беру қажет екендігін естеріне салды.
– Жол бойындағы бизнестің жөнге келтірілуі халықаралық көрмеден кейін де қожырап қалмауы керек, – деді облыс әкімі.
Өңір басшысы өз тарапынан туризм саласын қолдап, дамытуға барынша көмек көрсететінін жеткізді. Жұмыс сапарының соңында Мәлік Мырзалин
жол бойындағы қызмет көрсету орындарының жай-күйін жақсарту және инфрақұрылымдардың жаңа жобаларын қолға алу бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.        

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар