Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атына заты сай азамат - АРҚА АЖАРЫ

Атына заты сай азамат

 

№47 Сарыкөл негізгі мектебінің іргесі қаланғанына биыл 50 жыл толды. «Елу жылда ел жаңа» демекші, осы мерзім ішінде білім шаңырағының тарихында көптеген елеулі оқиғалар, жағымды жаңалықтар болғаны аян.

 

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, осы мақаланы жазуыма Жомарт Бөлебаев есімді азаматтың ілкімді істері себеп болды. Ол өткен жылы мектебіміздің өміріне жаңа тыныс әкелген үлкен қайырымдылық іс жасады.
Жомарт Берденұлы 1979-1987 жылдары осы мектепте оқып, білім алған. Өз қаржысына ұңғыма құдық қаздырып, суды пайдалануға қажетті барлық жабдықтарды сатып алып берді. Су – тіршілік көзі емес пе? Мектептегі су мәселесі шешілгелі, оны тасымалдау тоқтады. Биылғы жылы мектеп ауласына көкөністер, көшеттер және гүлзарлар отырғызу мүмкіндігі туды. Мектептің ішкі бөлмелеріне де ыстық, суық су келіп тұр. Ұжым үшін Жомарт мырзаның көмегінің орны ерекше болды. Ата-аналар да дән риза.
Иә, әкесі баласының атын Жомарт деп бекер қоймапты деседі ауыл адамдары. Әкесі Берден айтыпты деген ел ішінде есте қалар әңгімелерді замандастарының аузынан жиі естиміз. Бөлебай тегі Берден қажы Алдабергенұлы 1946 жылдың 2 ақпанында дүниеге келген. Тінәлі руынан. 1961 жылы Берден қажы Алдабергенұлының отбасы Целиноград қаласынан Целиноград ауданына қарасты Павлоградка (қазіргі Сарыкөл) жеріне, ата-баба қонысына көшіп келеді. Мектеп бітіргеннен кейін Елизаветинка (қазіргі Бозайғыр) ауылындағы механизаторлар курсын, кейіннен Рождественка (қазіргі Қабанбай батыр) ауылындағы жүргізушілер курсында оқып, Сарыкөл ауылында зейнетке шыққанша механизатор болып жұмыс істеген. Берден қажы сөзді тауып сөйлейтін, ақынжанды және замандастары арасында тауып айтатын сөздерімен белгілі еді. 1968 жылы Күлшекер Оспанқызымен отау құрып, екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген ұлағатты отбасы ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып жетілдірді. Берден қажы ауылдағы әлеуметтік-қоғамдық мәселелерге тікелей араласып, талай игі істерге мұрындық болып отырды. Ауыл ішіндегі ауыз су мәселесін көтеріп, елдің ауыз сумен қамтылуына аудан басшыларының назарын аударып, ел қамын жеді. Халықты жұмылдырды. Сол блок модульдың рахатын ауыл тұрғындары күні бүгінге дейін көріп отыр. Мұсылмандық бес парызын толық атқару мақсатында қажылыққа барып келді. Мектеп шәкірттерін имандылыққа баулу үшін мектептегі тәрбие сағаттарына жиі қатысып, болашақ ұрпақты саналы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеуге атсалысқан. Өмірдегі көрген-түйгендерін жастарға үйретуден жалықпады. Берден қажы осындай қарапайым да қабілетті, ел жағдайын ойлайтын адам еді. 2007 жылдан бері ол кісі ортамызда жоқ.
Міне, бүгінде Астана қаласында кәсіпкер болып, ел экономикасының дамуына айтулы үлес қосып жүрген Жомарт Бөлебаев та әке ізімен елге қамқор, үлкенге іні, кішіге аға болып көптің құрметіне бөленіп жүрген азамат. Мұндайда қазақ «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» демей ме!  

Сапарғали ҚУАНЫШБЕК,
мектеп директоры.
Сарыкөл ауылы,
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар