Облыс орталығындағы «Шафран» мейрамханасында Ақмола облыстық мүгедектер қоғамының және Бұланды аудандық қазақ зағиптар қоғамының төрағасы Серік Әкімбаев «Туған жер» бағдарламасы аясында қайырымдылық іс-шара өткізді.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов Жаңылған және Серік Әкімбаевтардың жақсы ісі барша қазақстандықтарға үлгі-өнеге екенін айта келіп, партияның атынан Алғыс хат тапсырды. Сонымен қатар, партияның белсенді мүшелері Қымбат Досмағамбетова мен Валерий Чернышевке партия билеті табыс етілді. Бұдан соң, Серік Әкімбаев облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова және Бұланды ауданының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің басшысы Кенжебеке Исмағамбетоваларға ескерткіш сыйлықтар сыйлады.
Айта кетерлігі, осындай іс-шараны ұйымдастырған Әкімбаевтар өнегелі отбасы. Олардың бүгінде 44 баласы бар. Бесеуі өздерінің балалары болса, қалғандарын балалар үйінен патронаттық қамқорлыққа алған. Бір шаңырақтың астында өзбек, украин, орыс, қазақ және беларус ұлттарының өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.