Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңды білмеу және бұзу жиі байқалуда - АРҚА АЖАРЫ

Заңды білмеу және бұзу жиі байқалуда

 

Облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен жергілікті мемлекеттік органдардың «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңды қолдану тәртібіне арналған  семинар-кеңес  өткізілді.

 

Облыстық құқық қорғау органдарының өкілдері мен  мемлекеттік органдардың бухгалтерлері қатысқан семинар-кеңесті ашып, жүргізген облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Динара Құлтасова ел экономикасының дамуымен бірге түрлі факторлар туындайтынын, оның ішіне бюджеттік қаржыны жұмсау сапасы кіретінін атап өтті. Мемлекеттік сатып алу саласында заңды бұзу кемитін емес. Өткен жылда және биылғы жылдың бес айында сотта қаралған істерді  талдағанда негізгі міндеттер толық орындалмайтындығы көрініп отыр.  Талап-өтініш берудің 30 күндік мерзімін өткізіп алуына байланысты 53 мемлекеттік ұйымның талап-өтініштері кері қайтарылды. Оның ішінде Көкшетау мен Степногорск қалаларының және Целиноград, Астрахан, Ерейментау, Ақкөл, Атбасар, Еңбекшілдер, Зеренді және Сандықтау аудандарының бөлімдері, селолық округтері мен коммуналдық кәсіпорындарының талап-өтініштері бар. Облыстық деңгейдегі 8 медициналық ұйымның 10 талап-өтінішінің мерзімі өтіп кеткен. Есепті кезеңде облыстың мемлекеттік органдары жариялаған мемлекеттік сатып алудың әділетсіз қатысушыларын тану жөнінде 140 талап-өтініш қанағаттандырылмай, кері қайтарылған. Анықталған фактілер бо-йынша сот 15 арнайы шешім шығарды. Шешімдерді қараудың қорытындысы бойынша өңірдің 12 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2015 жылмен салыстырғанда аталған заң бұзушылық Көкшетау қаласы мен Целиноград, Еңбекшілдер аудандарында орын алған. Сөйтіп, мемлекеттік органдардың абайсыздығынан ұқыпсыз кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алуға қатысуды жалғастыруда. Сондай-ақ, биылғы жылы облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы тарапынан бірінші тасымалдаушы келісім-шарт міндетін орындамау кезінде екінші әлеуетті тасымалдаушыға ұсыныс жасау бағыты бөлігінде заңсыз іс-қимыл фактісі анықталды. Сондай-ақ, облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мәліметіне сәйкес, тек 2016 жылы өткізілетін конкурстарды тәртіпке келтіру жөнінде 224 ескерту жіберілген. Оның ішінде 184 конкурс өтпеген. Негізінен мемлекеттік органдар қарапайым дүниеден заң бұзушылыққа жол береді.
Мәселен, мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушылары заңды бұзып, техникалық ерекшелікті тек орыс тілінде жасаған. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнаманы бұзып, мемлекеттік сатып алуда әлеуетті тасымалдаушылардың қатысуын шектеп немесе негізсіз қиындатып, конкурстық құжаттама толтырады. Келісімге қатысты заң бұзушылықтар жалғасуда. Мәселен, «Ақкөл қаласындағы ауысымына 250 адам келетін аудандық емхана құрылысы» нысаны бойынша тиісті медициналық қондырғы орнатылмаған. Тапсырыс беруші әрі мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы облыстық құрылыс басқармасы болып табылады. Олар атқарылмаған жұмыс актілерін негізсіз қабылдап, төлем жасаған. Осыған байланысты облыстық прокуратура тиісті бағдарлама жасады. Алдағы уақытта облыс әкімінің аппараты  «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңды бұзған лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және облыстық ішкі мемлекеттік
аудит департаментіне мәлімет жіберіп отыратын болды. Семинар-кеңес барысында облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Асылхан Көшубаев, облыстық прокуратура басқармасының басшысы Мұрат Әбішев, облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Оспан Омаров сөз сөйлеп, көкейтесті мәселелерді ортаға салды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар