Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қасымхан БЕГМАНОВ: «Ұлы Дала еліне айналуымыз үшін ұлттық рухымыз мықты болуы керек» - АРҚА АЖАРЫ

Қасымхан БЕГМАНОВ: «Ұлы Дала еліне айналуымыз үшін ұлттық рухымыз мықты болуы керек»

 

Көрнекті ақын Қасымхан Бегманов  1958 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. 1980 жылы қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық университетінің машина жасау факультетін бітірген.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. Қазақстан Жастар одағы, халықаралық «Алаш» және тәуелсіз «Ильхам», Т.Айбергенов атындағы республикалық әдеби сыйлықтарының лауреаты. Бірқатар республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы және жүлдегері. Түркістан, Кентау  қалаларының құрметті азаматы.
Оннан астам жыр жинағы мен екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрген. Өлеңдері орыс, қырғыз, татар және басқа тілдерге аударылған. Халыққа танымал көптеген ән мәтіндерінің авторы. Ақын қазақтың аяулы перзенттерінің бірі Мұстафа Шоқайдың өмірінен жазылған көлемді тарихи-зерттеу еңбегімен де танымал. «Мұстафа Шоқай жолымен» атты төрт бөлімнен тұратын деректі фильмі электрондық оқулық ретінде мектеп бағдарламасына енгізілген.
Қазіргі таңда республикалық ұлттық-этнографиялық «Дәстүр»  журналының бас редакторы және «Дәстүр» баспасының президенті болып қызмет атқарады. Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін жан-жақты насихаттап, зерттеп жүрген ақын биылдан бастап  осы журнал ұйымдастырған «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми-көпшілік жобаның аясында шығармашылық сапармен аймақтарға шығып жүр.
Осы ретте, біз бүгін газетімізде Қасымхан Бегмановтың Ақмола, Көкше өңірлеріне сапарына орай, ақынның әдеби ізденістері мен қоғамдық қызметінен жан-жақты мағлұмат беретін төмендегі сұхбатты оқырмандар назарына ұсынғанды  жөн көріп отырмыз.

 

– Биыл «Дәстүр» ұлттық-этно-
графиялық журналы «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми-көпшілік жоба ұйымдастырып, республика көлемінде экспедицияға шығып жүрсіз. Осы жоба туралы айтсаңыз.
– «Дәстүр» ұлттық-этнографиялық журналының жарық көргеніне биыл күзде 8 жыл толады. Осы уақытқа дейін журналдың шығармашылық ұжымы қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарын оқырманға жан-жақты таратып, жеткізе білді. Биылғы жылы редакциямызға осыған дейін келіп түскен оқырманның сауалдарын сараптай келе салт-дәстүріміздің бүгінгі жай-күйі, оны ертеңге аманаттап жеткізу мәселелерін көтеріп, жаңа ғылыми-көпшілік жоба дайындадық. Жоба «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» деп аталады. Жоба атақты этнограф, ғалым Жағда Бабалықұлының 100 жылдығына арналып отыр. Көзі тірісінде ғалыммен сұхбаттасып, «Этнографпен әңгіме» атты кітап шығарған едім. Бұл жобада зерттеуші-ғалымдар, белгілі этнографтар біздің сауалдарымызға жауап беріп, сұхбат арқылы өз ойларын ортаға салады. Айта кету керек, «Дәстүр» журналы жарыққа шыққаннан бері ұлттық салт-дәстүрге қатысты менің жинақтаған сауалдарым 250 беттен асты. Олардың қатарында «Қалай біз ұлт болып қаламыз?», «Бүгінгі салт-дәстүрлеріміздің ертеңі қандай болады?», «Ұрпаққа аманат етіп қалдыратын ұлттық құндылықтарымызды қалай аман сақтап қаламыз?» деген сауалдарға да жауап іздеймін. Осы сұрақтарды басшылыққа ала отырып, сондай-ақ, белгілі этнограф, зерттеушілер мен өлкетанушылардан алған сұхбаттарды қосып, қазір төрт томдық кітап дайындап жатырмын. Сонымен қатар, осы кітапқа тың деректер жинау үшін еліміздің әр өңірін аралап, экспедицияға шығып жүрмін. Халық этнографиясы өкілдерімен кездесіп, облыстық мұрағаттардан материалдар жинақтап жатырмын. Алла қаласа, биыл қазан айында осы жобаның нәтижесінде төрт томдық жинағым жарыққа шығады. Бұл жинаққа қазақ этнографиясының бүгінгі өзекті мәселелері туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор Уахит Шәлекеновпен, жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі, академик Советхан Ғаббасовпен, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Құбығұл Жарықбаевпен, жазушы Уақап Қыдырханұлымен, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаевпен, жиырма жылға жуық салт-дәстүріміздің бүгінгі жағдайы туралы мәселелер көтеріп, оның шешілу жолдарын ұсынып жүрген белгілі ерлі-зайыпты журналис-
тер Марат Тоқашбаев, Раушан Каршаловалармен, тарих ғылымдарының докторы Бибизия Қалшабаевамен, тағы да басқа көптеген энтограф-ғалымдармен жүргізілген сұхбаттар енеді. Қазір көлемді сұхбаттар дайын тұр. Дегенмен, қазақтың салт-дәстүріне байланысты бүгінге дейін жарыққа шықпаған тың деректер әлі де көп. Мысалы, сәбиді бесікке бөлеуден бастап қайтқан адамның жаназасын шығаруға дейінгі әдет-ғұрыптардың барлығы осы жинаққа енгелі отыр.
– Сіздің «Этнографпен әңгіме» атты еңбегіңіз өте құнды кітап. Осы еңбектегі сыр-сұхбат алған этнограф туралы айтып өтсеңіз.
– «Дәстүр» баспасынан шыққан «Этнографпен әңгіме» атты кітабымда аса көрнекті этнограф, зерттеуші, ғұлама ғалым Жағда Бабалықұлының өміріне қатысты және халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, көне сөздері, ұлттық киімі, тағамы, төрт түлік малы, ырымдары мен тыйымдары, жорамалдары, саятшылық дәстүрі, қазақ күнтізбесі, түс жоруы, жыл қайыруы, жеті ата жолы, жеті қазынасы, қазақ өлшемдері және тағы басқа деректер жан-жақты баяндалады. Бұл еңбектің ерекшелігі сыр-сұхбат арқылы нақты деректер мен қазақ халқының сан алуан салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрпына құрылғандығында деп ойлаймын.
Ал, осы кітапта менің сауалдарыма жауап берген абыз, зерттеуші-ғалым, этнограф Жағда Бабалықұлы 1917 жылы Қытай Халық Республикасында туған. Биыл бұл кісінің туғанына 100 жыл толып отыр. Жағда Бабалықұлы Қытайдың бір аймағын (край) басқарған адам. Ол Қытай жерінде төрт рет түрмеге отырып, қатаң бақылау құрсауында өмір сүрген. Алайда, ол кісі белгілі өнертанушы Әлкей Марғұланға жолығып, халық этнографиясын жинаған. Өз өмірінде этнограф әдеби қызметкер, тіпті, пошташы да болған. Кейінгілерге ол: «Менің басыма қойылатын тасқа «Тәуелсіздік көрдім. Мәңгілік тілеймін» деген сөзді жазыңдар», – деп өз аманатын қалдырған.
– Сіз этнография саласымен қатар, алашордашылардың да өмірін зерттеген ақынсыз. «Мұстафа Шоқай жолымен» атты деректі фильміңіз шықты. Сіздің тарихи зерттеулерге баруыңызға не себеп болды?
– Мен Мұстафа Шоқайды зерттемес-
тен бұрын ол туралы 10 жылдай уақыт оқыдым, ғалымдардың еңбектерімен таныстым. Осылайша Мұстафа Шоқайдың қайталанбас тағдыры мен үшін үлкен қызығушылық тудырды. Тіпті, бұл дүниеде мұндай өмір жолын басынан кешкен адам жоқ. Сол себепті, Мұстафа Шоқайдың өмірін, жүріп өткен жолдарын аралап, зерттеуді жөн көрдім. Зерттеу барысында Қазақстанның бірнеше облыстары мен Ташкент, Ферғана, Қоқан, Санкт-Петербург, Баку, Тбилиси қалаларын, тіпті Германияның астанасы Берлинге дейін бардым. Бұл бағыттардағы материалдар менде сұрыпталып, әрқайсысы том-том болып тұр. Әлі де көптеген зерттелмеген дүниелер бар. Оның барлығы уақыттың еншісінде.
– Биыл Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында:
«…Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бо-
йымызда мәңгі қалуға тиіс» деген болатын. Сіздің ойыңызша ұлттық рухымызды мәңгі сақтап қалу үшін не істеуіміз керек?
Елбасы өз мақаласында «заман ағымы» деп халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерден алшақ кетуге болмайтынын, себебі, ол ұлттың қанымен келетінін айтқан. Шынында да өткен тарихымыз бен бүгінгі күнімізді, ертеңгі келешегімізді байланыс-
тыратын, ол – рухани құндылықтарымыз. Қазір біз заманға сай икемделіп барамыз, біздің салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз да жаңарып, жаңғырып жатыр. Алдымызда жаман заман келе жатыр. Ол үшін, Елбасы айтқандай, біз рухани құндылықтарымызды сақтап қалуымыз керек. Қазақтың әрбір азаматы мемлекетшіл болуы керек, егер біз ру, жүздің деңгейінде қалсақ, қазақтың үлкен мемлекет болып қалуы қиын.
Қарап отырсақ, қазір біздің психологиямыз да өзгерген. Жақын көршімізбен араласпаймыз, бір-бірімізге сәлем бермейміз, өлсе жаназасына кірмейміз, айт мерекесінде ағайын-туыстарға айттап бармаймыз. Міне, осылайша біз баяғы қазақилығымыздан алшақтап барамыз. Бүгінгі күніміз мынау, болашағымыз қандай болмақ? Мені осы ойлар толғандырады. Сондықтан, осы мәселелерді ғылыми түрде емес, түсінікті тілмен жеткізуге тырысамын. Себебі, қарапайым халыққа мұндай дүниелерді ғылыми тілмен емес, жалпақ тілмен түсіндірген дұрысырақ. Мәселен, бір мысал айтайын. «Дәстүр» журналына сұхбат алған кезімде медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі, академик Советхан Ғаббасовпен әңгімелестім. Ол кісі баланы ана құрсағында жатқан кезінен бастап тәрбиелеу керектігін айтады. Егер біз өз халқымыздың ерекшелігін, ұлт тағдырын ойлайтын болсақ, Советхан аға айтқан «методикаға» сүйенуіміз керек. Өткен ғасырда қазақта Абай, Махамбет, Әлихан, Мұстафа сияқты алыптарымыз дүниеге келді. Ал, оларды аналарымыз қалай туды? Қазіргі ұрпақ неге әлсіреп барады? Неге қазір Мұстафа Шоқай сияқты жігіттеріміз жоқ? Советхан аға айтқандай, алыптарды дүниеге әкелудің өзіндік «методикасы», өз құпиясы бар. Алайда, бүгінгі заманда біздің қыз-келіншектеріміз, әйелдеріміз келешек алыптарды дүниеге әкелуге дайын ба? Оған мүмкіндіктері бар ма? Жоқ. Неге? Себебі, қазір біздің әйелдеріміз, қыз-келіншектеріміз таң атпастан аяғынан тік тұрып,  бізді тамақтандырады, жұмысқа жіберіп, бала-шағаны жайландырады. Одан кейін кешке дейін тынбастан жұмыс жасайды, кешке келіп тағы үйдің жұмысын атқарады. Ал, ондай әйелден қандай алып дүниеге келеді? Еркектер қашан осыны қолға аламыз? Қашан біз қыз-келіншектерімізді аялаймыз? Міне, қазақтың еркектері ең әуелі осыны ойлауы керек. Рухани құндылықтың бастауы – ұлт тағдыры, ұрпақ тәрбиесінде болса, біз алдымен әйелдерге, аналарға жағдай жасауымыз керек. Қазіргі қоғамда мені ойландыратын тағы бір мәселе – соңғы кезде елімізде болып жатқан келеңсіз жағдайлар мен қайғылы оқиғалар. Ал, оларды біз қалай тоқтатамыз? Мына ұлан-ғайыр ұлы далаға қалай ие болып қаламыз? Ұрпағымыз қайтсек отаншыл, мемлекетшіл болады? Осы сауалдардың бәрі мені қатты толғандырады. Қазір бізде бір-бірімізді сүю жетіспейді. Ұлттық идеологияға біз енді-енді мән беріп жатырмыз. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында, міне, осы мәселелер айтылады. Сондықтан, бүгінгі күні біз ең алдымен, ұрпақ тәрбиесі, ұлт тағдыры, ұлттық құндылықтарымызға баса назар аударуымыз керек. Ұлы дала еліне айналуымыз үшін ұлттық рухымыз мықты болуы керек.
– Бүгінге дейін 100-ге жуық әнге сөз жазыпсыз. Даңқты Ілия Жақановтың өзі сізге сөз жаздырған екен. Қазір қандай әнге сөз жазып жатырсыз?
– Соңғы кездері композитор көрсем қашамын. Себебі, қазір менің әнге сөз жазып отыратын уақытым жоқ. Қазіргі әндерге де көңілім толмайды. Ал, әуенге сөз жазуға келсек, ол спектакль секілді. Қадыр Мырзалиев айтқандай, егер сөз жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді. Мәселен, кейде бір әнге сөз жазу үшін кемінде 7-8 минут уақытың кетеді. Ал, кейде апталап жүріп әрең жазасың. Бір мысал келтірейін, қазір Мейрамбек Беспаев орындап жүрген «Аяулым» атты әнге сөз жазу үшін менің көп уақытым кетті. Мен осы әннің әуенін 4-5 күн машинаға салып жүріп тыңдадым. Содан бір күні әуенді ыңылдап айтып жүріп, ойыма «Бірге өткен кештерім үшін, қалсын осы ән естелік үшін» деген сөздер келді. Осылайша лирикалық ән дүниеге келді. Ал, соңғы әнім «Биіктегі кептерлер» осыдан он жыл бұрын жазылған, алайда, сол кездері халыққа жетпеді. Тұманбай Молдағалиев айтқандай, шығармашылықта асығуға болмайды. Қазір бұл ән ел арасында айтылып жүр.
– Ақындық шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар бар?
– Өлең жазып жүрмін, бірақ, күн сайын жазам деп айта алмаймын. Қазір мен ұлтыма қайтсем көмектесемін деп жанұшырып жүрмін. Жоғарыда айтқанымдай, бүгінгі күні төрт томдық еңбегімді шығару үшін тынбай жұмыс жасап жатырмын. Ал, өлеңге келсек, бүгінге дейін оннан астам жинағым жарыққа шықты. Соңғы шыққаны – «Күреңбел».
Биыл Қырғызстанның «Улуу Тоолор» бас-
пасынан «Гүл көктем» деген атпен қырғыз тіліндегі жыр кітабым қырғыз ақыны Марқабай Ааматовтың аудармасымен жарық көрді. Сондай-ақ, биыл «Күреңбел» Татарстанның «Илһам нәшрияты» атты баспасынан ақын Рафис Құрбановтың аудармасымен татар тілінде шықты. Сондай-ақ, менің өлеңдерім орта мектеп оқулықтарының қазақ, өзбек тілдерінде шыққан хрестоматияларына да енген.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Данагүл ҚАЗИХАН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар