Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Ақмола облысының балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арнап облыстық білім басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармасы әдемі шара өткізді.
Өңіріміздің түпкір-түпкірінен келген 82 бала Көкшетау қаласын аралап, Тәуелсіздік алаңында өткен балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруін тамашалады. Бұдан соң «Дәстүр» мейрамханасында ас ішіп, бір-бірімен танысты. Қажымұқан атындағы №3 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебіне, «Бурабай» спорт сарайы-на, «Оқжетпес» футбол клубына және теннис орталығына барып, жаттықтырушылардан арнайы шеберлік сабақтарын алды. Сонымен қатар, «Смогуня» кафесінде мерекелік дастархан жайылды және демеушілер атынан балаларға сыйлықтар табыс етілді. Бұл мереке олардың жүрегінде ұзақ уақыт сақталары анық.