Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алты жылдан кейін ашылған қылмыс - АРҚА АЖАРЫ

Алты жылдан кейін ашылған қылмыс

 

Осыдан алты жыл бұрын, 2010 жылдың шілде айында Көкшетау қаласының жұртшылық «автогородок» деп атап кеткен ауданында лимонад цехының екі күзетшісін атып өлтіріп, 600 мың теңге ақшаны ұрлап кеткен ауыр қылмыс орын алған еді.  Міне, енді арада қанша жыл өткенде қылмыскерлер құрықталды.

 

Қазақта «бұл дүниенікі о дүниеге кетпейді» деген сөз бар. 2010 жылдың дәл сол шілде айында мен «автогородок» аталатын ауданнан үй сатып алып, сонда қоныстанған едім. Жаңа орынға орналасқаннан кейін екі-үш күн өткенде дәл мен тұратын үйдің жанындағы лимонад шығаратын цехтың екі күзетшісін өлтірген ауыр қылмыс жасалды. Полиция қызметкерлері сол маңайда тұратын пәтерлердің бәріне кіріп, қылмысқа қатысты жайлар туралы сұрастырды. Маған да бір полиция қызметкері келіп, кісі өліміне қатысты оқиға жайлы сұрағаны есімде қалыпты. Қаза тапқан күзетшілердің біреуі қырықтан енді асса, екіншісі 21-дегі жас жігіт екен. Алғашқысының соңында әйелі мен екі баласы қалды, ал, жас жігіт үйленіп те үлгермепті. 600 мың теңге үшін екі бірдей адамның қанын жүктеген қылмыскерлер қанша іздестірсе де таптырмады. Соңдарында еш із қалдырмаған қарақшыларды қолға түсіру енді мүмкін болмас деп, жұртшылық сырттай тон пішіп қойса да, арада алты жыл өткенде қылмыскерлердің қолға түскені ақылға сыйымсыз жай сияқты сезілген. Шындығында оқиға былай болыпты.
Былтыр жаз айының бір кешінде қала сыртында атылған мылтық дауысын естіп, күзетте жүрген екі полиция қызметкері сол аумаққа барады. Қалың бұта арасында нысана көздеп, мергендікке машықтанып жүрген екі жігіт полицейлерді көргенде дереу бой тасалап, із суытқылары келеді. «Сезікті секіреді» демекші, олардың мына әрекеті күдік туғызып, полицейлер түре қуып, қашқындарды қолға түсіреді. Нысана атқан екеу құқық қорғаушыларға бірден беріле салмай, барынша қарсыласып, тіпті жаға жыртысуға дейін барыпты. Дегенмен, шыныққан, мығым полицейлер бейтаныстарды ұстап, уақытша қамау изоляторына жеткізеді. Олардың үстінен міндеттерін орындау барысында құқық қорғаушыларға қарсылық көрсеткендігі үшін деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалады.
Кездейсоқ қолға түскен отыздан енді асқан екі жігітке қатысты істі қолға ала келе, ертеректе жасалған ауыр қылмыстардың ізі ашылады. Атап айтқанда, 2009 жылы Көкшетау қаласындағы қару сататын «Сұңқар» дүкенін белгісіз біреулер тонап, бірнеше винтовка мен аңшы мылтығын, пневматикалық пистолетті және патрондарды алып кеткен еді. Қылмыскерлерді сол тұста ізін суытпай іздегенмен, еш нәтиже бермеген. Ал, арада бір жыл өткенде лимонад цехының күзетшілерін өлтіріп, 600 мың теңгені олжалаған қылмыскерлердің дүкеннен тоналған винтовканы пайдаланғандығын сарапшылар анықтаған. Бірақ, дүкеннен алған қаруды адам өлтіріп, тонауға пайдаланған қылмыскерлердің ізі содан кейін еш жерде білінбеді. Тек арада біраз жылдар өткенде қала сыртына шығып, жаттығып жүрген азаматтарды қолға түсіру арқылы бұрын жасалған ауыр қылмыстың ізі ашылғандай болды. Өйткені, әлгі мергендікке жаттыққан жігіттерден алынған винтовка «Сұңқар» дүкенінен ұрланғандығын және дәл сол қарумен екі күзетшіні өлтіргендігін сарапшылар қолмен қойғандай анықтап берді.
Алғашында ұсақ бұзақылығы үшін қамауға алынған екеуге енді дүкен тонау, кісі өлтіру сияқты ауыр айыптар тағылып, тергеу жүргізілді. Істі ширата келе, құқық қорғаушылар олардың үшінші серіктерін тауып, ол да құрықталды. Қылмыскерлерден дүкеннен тоналған басқа да атыс қарулары алынды.
Сөйтіп, кісі қаны жібермеді. Арада алты жыл өткенде қарақшылар қолға түсті. Жастары отыздан енді асқан, тепсе темір үзетін бұл үш жігіт дүкен тонап, кісі өлтіріп, қылмысты кәсіп етіп, дүниені жалпағынан басып жүруді армандаған сияқты. Дегенмен, шетелдік кинолардың кейіпкерлері тәрізді кәнігі қылмыскер болып, мол олжаға кенелуді аңсаған азаматтардың жолы болмады. Биылғы жылдың наурыз айында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Қосжановтың төрағалығымен өткен сот осы қылмысты жасаған М.Горобецті 15 жылға, бұрын да сотталған және негізгі ұйымдастырушы болған В.Сарайкинді 23 жылға, В.Ваховскийді 5 жылға бас бостандығынан айыруға және жазаларын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуге шешім шығарды. Оған қоса, қылмыскерлер қаза тапқан күзетшілердің туыстарына материалдық және ар-ождан шығындарын да өтейтін болды. Дегенмен, сот шешімі күшіне әлі енген жоқ. Таяуда облыстық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы бұл істі қайта қарамақшы. Десе де, қылмыскерлер заң бойынша жасаған әрекеттері үшін толық жазаларын алатыны анық.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар