Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңалықты қолдап отыр - АРҚА АЖАРЫ

Жаңалықты қолдап отыр

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қолдану күллі әлемде, дамыған және дамушы елдерде де бар тәжірибе. Қазақстанда да ынтымақтастық жауапкершілік тетігі енгізіледі.

 

Қарапайым тілмен айтқанда, денсаулығын сақтауға қаржыны аз жұмсайтындар керісінше қаржыны көп қажет ететіндерге көмектесетін болады. Сәл таратып айтсақ, «бүгін сен өзгеге көмектесесің, ертең олардың барлығы саған көмектесетін болады».
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізген кезде барлық әріптестердің (мемлекет, жұмыс беруші, жұмысшылар) міндеттемелері толық орындалады. Ал, мақсатты жарна төлеудің сипаты денсаулыққа деген жауапкершілікті өсіре түседі.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын кеңінен қамтып жүргізу науқаны кезінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша негізгі көрсеткіштердің бірі тұрғындардың хабардар болуын қамтамасыз ету, әрі ел тұрғындары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелерінің  қызмет сапасын жақсарту барысындағы мемлекеттік саясатына лайықты баға беру болатын.
Облыс тұрғындарының қаншалықты құлағдар болғандығын білу мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы жасырын сауалнама жүргізді. Қойылған сұрақтарға сараптама жасаған кезде облыс тұрғындары Қазақстан Республикасындағы міндетті медициналық сақтандыру заңы туралы сұрау салғанда  сауалнамаға  қамтылған барлық  тұрғындардың 78 пайызы бұл жайды естіп білген екен. Ал, 18 пайызы жоғарыдағы аталған бағдарлама туралы үстірт хабардар.  
Облыс тұрғындарының жаңалықтан хабардар болатын дереккөздері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен электронды ақпараттық желілер. Ал, жұмыс және оқу орындарында түсініктеме ісімен айналысатын ақпараттық-насихат топтарының атқарған шаруасы екінші орында. Медицина мекемелерінің өздері қызмет көрсететін аймақтағы түсіндірме жұмыстары сауалнаманың нәтижесі көрсетіп отырғандай сылбыр әрі үшінші орында қалып отыр. Осы орайда, тұрғындар арасында ақпарат жұмысын біршама жақсы жолға қойған Жарқайың, Еңбекшілдер, Целиноград, Сандықтау және Бұланды аудандарының медициналық мекемелерін атай кетуге болады.
Ақпараттық науқан кезінде дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге әлеуметтік желілер де кәдеге жаратылды. Көкшетау, Степногорск қалалары мен Астрахан және Шортанды аудандарының тұрғындарын құлағдар етуге Facebook, Instagram, WhatsApp әлеуметтік желілердің мүмкіндігі кеңінен пайдаланылды. Міндетті медициналық сақтандыруды 2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізуді ақмолалықтардың басым бөлігі қолдап отыр. Жасыратыны жоқ, тұрғындардың кейбір бөлігі медициналық көмекті толық ала алатындарына күмәнді. Тек сұрау салушылардың аз  ғана бөлігі міндетті медициналық сақтандыру механизмін енгізуді әлі ерте деп есептейді. Жаңа механизмге қолдау білдірген тұрғындар Бұланды, Еңбекшілдер, Егіндікөл, Жақсы, Целиноград аудандарында көп. Қолдай отыра, аға буын өкілдері  міндетті медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысымен болған оқиғаны естеріне алып, сондай жай қайталана ма деп қауіптенеді. Сараптама жүргізу барысында: «Денсаулық сақтау саласының қазіргі жайы медициналық көмекті толық көрсетуге да-йын ба?» деген сұрақ қойылды. Пікір білдірушілердің көпшілігі медицина саласы дәрі-дәрмекпен толық көлемде қамтамасыз етіп, медициналық көмек көрсете алады, ал, сақтандыру болса қолжетімді емдеуді қамтамасыз етеді деп есептейді. Сұрау салынған әрбір бесінші ақмолалық медициналық қызметтің сапасы жақсаратындығынан үміттенеді.
Сұрау салудың нәтижелерін түйіндей келе, облыс тұрғындары тұтастай алғанда міндетті медициналық сақтандыру жайынан хабардар және осы бағдарламаның енгізілуін қолдайды.
Оксана САЛАХОВА,
облыстық ішкі саясат басқармасы  талдау бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар