Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Желісі үзілмеген аталы сөз - АРҚА АЖАРЫ

Желісі үзілмеген аталы сөз

 

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасында «21 ғасыр шешені: 77 кеңес» кітабының тұсаукесері өтті.

 

Бұл кітаптың авторы Ерлан Ахмеди. Ол  Астана қаласындағы «Ізгілікті педагогика» білім беру орталығы директорының орынбасары және заманауи шешендік өнерден жетекші тренер болып жұмыс істейді. Кітап Астана қаласында басылып шыққан. Автор осы Көкшетау топырағында өсіп-өнгендіктен жерлестеріне осы тырнақалды еңбегін таныстырып, студенттерге  шешендік өнер жайлы шеберлік сабағын өткізді.
Шаршы топта сөз бастау қиын қашанда. Сол себепті, қазіргі шешендер қандай болу керек, сөйлер алдындағы қобалжуды қалай жеңуге болады, ол үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолдану қажет деген сұрақтарға әр оқырман жауап таба алады. Кездесу кешінде кітаптың авторы Ерлан Ахмеди:
– Шешендік өнерді кез-келген адам өз бойына дарыта алады. Ол үшін адам күнделікті жаттығып отыруы қажет және өзінің бойындағы қандайда бір қорқынышты жеңе білуге талпынуы керек, – дейді.
– Шешендік қабілетті дамытуға арналған шетелдік авторлардың кітаптары көп. Ал, қазақ тілінде осы қабілетті дамытуға көмектесетін кітап жоқтың қасы. Сол себепті, қазақ тілді оқырмандар үшін осындай кітаптардың саны көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді, – деп өз ойын Әділет Сенбі есімді азамат білдірді.
Атадан балаға мұра болып, сан ғасырлар сарабынан желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнерге жастардың қызығушылық танытуы игілікті іс деп ұғынамыз біз де.

 Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар