Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алтын құймалар сатылады - АРҚА АЖАРЫ

Алтын құймалар сатылады

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазақстан Рес-публикасы Ұлттық банкі» Ақмола филиалының директоры Виталий Чеусов облысымыздағы қаржы нарығының жағдайы туралы, соның ішінде тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алудың жай-жапсары жайында егжей-тегжейлі баяндап берді.

 

2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк секторында облыс аумағында 62 қосымша үй-жайларымен бірге  екінші деңгейлі банктердің 17 филиалы бар екен. Облысымызда 108 айырбастау орындары жұмыс істейді, оның 64-і банк филиалдарының құзырында болса, 44-і 29 уәкілетті ұйымның пункттері.  Банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 122,7 миллиард теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,7 пайызға өскенін көрсетеді. Жыл басынан бері екінші деңгейлі банктердің филиалдары 51512,2 миллион теңге
несие берген, бұл сома 2016 жылғы сәйкес кезеңінен 2,3 есеге көп.
Баяндама барысында филиал директоры Виталий Чеусов алтын құймаларды сату мен сатып алу жайына да тоқталды. Ұлттық банк ел тарихында тұңғыш рет халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын ұсынып отыр. Ұлттық банктің хабарлауынша, халыққа арналған тазартылған алтын құймалары екінші деңгейлі банктер арқылы сатылатын болады. Егер азамат құйманы кері сатқысы келсе, Ұлттық банк басшылығының сендіруінше, банктер алтын құйманы ұзақ сараптамадан өткізіп, көп тексеріп жатпай-ақ
сатып алады.
–Алтын құймаларды Қазақстан теңге сарайы дайындайды. Олар 10, 20, 50 және 100 грамм болып төрт түрде ұсынылды. Мәселен, 10 грамдық құймалар күрең қызыл, 20 грамдық – жасыл, 50 грамдық – көгілдір түсті арнайы ораумен және 100 грамдық құймалар – алтын түстес ораумен ұсынылады. Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен және құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы орау-мен шығарылады. Қорғаныш орау да құйманың сапа сертификаты болып табылады. Сондықтан, құйманы ұқыптап ұстап, орауын ашпау қажет. Қазіргі уақытта алтын құймаларды Қазақстанның Халық банкінен және Еуразиялық банктен сатып алуға болады. Келешекте бағдарламаға қатысушы банктердің саны көбейеді. Бастапқы кезеңде алтын құймалар Қазақстанның – Астана, Алматы, Өскемен және Атырау сияқты 4 қаласында қолжетімді болады. Уақыт өте келе алтын құймаларды сату географиясы да ұлғаяды, – деді өз сөзінде филиал директоры.
Сонымен қатар, Ұлттық банктің қызметі мәселелері бойынша халықпен өзара іс-қимыл жасауға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған «ҚҰБ «Online» қызметі 2016 жылғы қарашада іске қосылғанын айта кеткен жөн.  Оның көмегімен пайдаланушы Ұлттық банкке өзінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын тікелей білдіре алады. «ҚҰБ «Online» мобильді қосымшасы мемлекеттік тілде және орыс тілінде App Store және Play Market дүкендерінен көшіріп алу үшін қолжетімді. Осы қосымшаның пайдаланушыларына алғашқылардың бірі болып KASE-дегі сауда-саттық нәтижелері, валюта бағамдары туралы ақпарат, қаржы нарығы бойынша деректер және Ұлттық банктің басқа жаңалықтары қолжетімді болады.
Брифинг барысында талқыланған тағы бір мәселе коллекторлық қызметке қатысты болды. Коллекторлық қызмет туралы заңға сәйкес коллекторлық агенттіктер үшін борышкермен қарым-қатынастың нақты тізбесі айқындалған. Аталған тізбеден тыс орын алатын іс-қимылдарға тыйым салынады, ал, олар әкімшіліктік және қылмыстық тәртіппен қатаң жазаланады.
Ұлттық банктің директоры заң жобасында тікелей шектеулердің көзделетіндігі туралы айтып берді. Мәселен, бір күнде борышкермен 3-тен артық телефонмен сөйлесуге, ал, бір аптаның ішінде 3-тен артық кездесуге болмайды, бұл ретте өзара іс-қимыл уақытын борышкер белгілейді. Мереке және демалыс күндері кездесулерге тыйым салынады. Қызметінде жүйелі түрде заңсыз әрекеттер байқалатын коллекторлық агенттіктер ресми тізілімнен дереу алынып тасталады, бұл банктермен және борышкерлермен жұмыс істеуге бір кезде тыйым салуды білдіреді.
Шара соңында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі» Ақмола филиалының директоры Виталий Чеусов журналистердің сауалдарына жауап берді.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар