Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Мен қазақпын» мегажобасы Ақмола облысында - АРҚА АЖАРЫ

«Мен қазақпын» мегажобасы Ақмола облысында

 

Атадан балаға мирас болып келе жатқан төл өнерімізді дамытып, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында қолға алынған «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Мен қазақпын» мегажобасына әр аймақтың маңдайалды өнерпаздары іріктелуде. Байқау ұйымдастырушылары Ақмола облысына келіп, 24 үміткердің арасынан үш өнерпазды үздік деп танып, республикалық додаға жолдама берді.

 

Мәдени шара Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында болып өтті. Қазылар алқасының құрамында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын Құдайберлі Мырзабеқ, Көкшетау қаласындағы Біржан сал колледжінің директоры, дәстүрлі әнші Саян Мұхамедияров, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның концертмейстері, дәулескер домбырашы Әбілсерік Қамашев бар.     
Байқауда қатысушылардың қай-қайсы болсын, сын тезінен өтудің оңай болмағандығын сезінгені анық. Әсіресе, ән Меккесі атанған Көкшетауда әншілердің арасынан топ жарып шығу оңай емес. Арқа әндерінің иірімдері сұрапыл, бұрмалары көп болып келеді. Алайда, байқау үміткерлерінің арасында ән өнеріне жаңа ғана қаныға түскен жас өнерпаздардың әлі де болса шыңдала түсу керектігі аңғарылып тұрды. Кейбір қатысушы мақамы жа-
йына қалып, термені әндетіп айтты. Қалай дегенмен де, атадан қалған аманатты арқалап келген үміткерлердің ішінде топ жарып, «ә» дегеннен-ақ көзге іліккендері де болды. Мәселен, Бурабай ауданы үкілеп қосқан Гүлім Құдыспектің үстіне киген киімі де, репертуары да, ән орындау шеберлігі де үйлесіп тұрды. Гүлім бірден көрерменін сүйсінтіп, тәнті ете білді. «Екі жиренді» желпіндіріп орындап, құлақ құрышын қандырған көкшетаулық Бауыржан Нұрмұханов болса, алғашқы шертістен-ақ әнсүйер қауымды өзіне қаратып, әсем әндерді әуелетті-ай кеп. Майда қоңыр дауысымен әнсүйер қауымды бір серпілтіп тастаған ақкөлдік Нәзира Бейсенова да көрермен көзайымына айналды. Домбыраның шанағынан күмбірлі күй төккен өнерпаздардың арасында қол қимылына көзің ілесе алмайтын дарынды домбырашы Саят Бабаев туралы сөз бөлек. Домбырашының «шалқыта», «шерте», «желдірмелете», «төкпелей», «толғаулата» тарту мәнері, орындау техникасы ерекше екен. Ал, дауысында даланың кеңдігі бар Шортанды ауданынан келген Асқар Мұқияттың репертуары, киім-киісі, сахнада өзін-өзі ұстауы, ән орындау шеберлігі тамсандырды. Халық әндерін әуелетіп, халық композиторларының шығармаларын насихаттайтын осындай үлкен шараның өткізілгені әбден дұрыс. Бізді қуантқаны, байқауға қатысушылардың арасында жастардың дәстүрлі өнерге қызығушылықтары зор. Оны үйреніп-білмекке талпыныс танытып жүргендерінің өзі ғанибет емес пе?! Осындайды көргенде, Арқаның ән өнері шарықтап, өрістей берсе екен дейсің. Айта кетуіміз керек, бұл байқауда облыс жұртшылығына есімі жақсы таныс целиноградтық Еркебұлан Қасымов та жоғары деңгейде өнер көрсете білді. Ән мен күй, жыраулық өнер қазақтың маңдайына біткен сарқылмас асыл қазынасы ғой. Осы орайда, ұлттық мұрамызды үзіп алмау үшін, дәстүрлі ән өнерін насихаттап жергілікті өнерпаздарды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының бастамасы құптарлық, үлгі аларлық тың идея, игі іс. Сонымен, қазылар алқасының ұйғарымымен «Үздік аймақтық әнші» аталымының жеңімпазы – Көкшетау қаласының абыройын аспандатқан, әнші Бауыржан Нұрмұханов болса, «Үздік аймақтық күйші» аталымында көкшетаулық Саят Бабаев көпшіліктен дараланды. «Үздік аймақтық термеші» аталымын ақкөлдік Нәзира Бейсенова жеңіп алды. Жеңімпаздар Елордада өтетін телевизиялық байқауға Ақмола облысының атынан барады. Айта кетуіміз керек, Ұлттық арна эфирінен 9 жоба көрерменге ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінен бастап жол тартады.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар